Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
3188 0 пікір 22 Қаңтар, 2018 сағат 08:37

Мирзияев: Ақтөбедегі қайғылы оқиға елде жұмыс жоқтығын көрсетті

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Сұрхандарияға сапары кезінде Ақтөбедегі қайғылы оқиғадан қаза тапқан отандастарына құран бағыштап, марқұмдардың жақындарына көңіл айтты. Мемлекет басшысының пікірінше, қайғылы оқиға елде жұмыс жоқтығын көрсетті.

"Қайғылы оқиға көп нәрсенің бетін ашып берді, соның ішінде біздің халық алдында борышымыз көптігін көрсетті. Біз халыққа жағдай жасай алмағандықтан, адамдар жұмысты басқа елдерден іздеуге мәжбүр", - деп мәлімдеді президент.

Еске салайық, 18 қаңтарда жолаушы автобусы Қазақстанның Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Қалыбай ауылына 10 шақырым жерде, Самара - Шымкент тас жолында өртенді. Қазақ билігінің мәліметі бойынша, автобустағы 57 адамның 52-сі қаза тапты. Барлығы - Өзбекстан азаматы. Тірі қалған бесеудің үшеуі - Қазақстан, қалған екеуі - Өзбекстан азаматы.

Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арнайы комиссия құрды. Өртенген автобуста қаза тапқан ер азаматтардың барлығы Өзбекстанның Наманған облысынан екені белгілі болды. Олардың ең үлкені - 41, ал ең жасы - 19 жаста болған.

Өзбекстан СІМ мәліметі бойынша, 20 қаңтарда түнде өзбек азаматтарын арнайы ұшақпен Ташкентке жеткізді.

20 қаңтарда өзбек еңбек мигранттары мен белсенділер Ресейдің Өзбекстандағы елшілігі алдына гүл қойды.

"Біздің отандастар аязда тұрды. Олар 20 қаңтарды Қазақстанда қаза тапқандарды аза тұту күні деп жариялады. Дегенмен өзбек елшілігінен ешкім шықпады. Оның үстіне, өзбек елшілігіндегі ту түсірілмеген. 52 адамның өмірі елші үшін түкке тұрғысыз болғаны ма? Олай болса, елші, саған масқара!" - деп мәлімдеді "Ватандошлар" ұйымының президенті Усманхан Баратов.

Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, өртенген денелердің кімдікі екенін анықтау үшін Өзбекстанда геномды сараптама жасалады.

Abai.kz

0 пікір