Жұма, 19 Сәуір 2024
5587 6 пікір 5 Қаңтар, 2018 сағат 10:26

АҚШ 10 елді діни еркіндікті бұзушылар тізіміне енгізді

Құрама Штаттар Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанды діни бостандықты басып, ар еркіндігін бұзуына байланысты "аса алаңдаушылық туғызатын" он елдің қатарына енгізді.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің жариялаған мәлімдемесінде аталған тізімде Иран, Қытай, Солтүстік Корея, Мьянма, Эритреи, Судан және Сауд Арабия елдері кіретіні айтылған. Бұл - өткен жылы да тізімде болған елдер.

Мемлекеттік департамент мәлімдемесінде діни наным-сенім бостандығы ерекше бұзылатын ел деп Пәкістанды атаған.

Соңғы уақытта АҚШ пен Пәкістан арасы нашарлай түсті. АҚШ президенті Дональд Трамп Исламабадты терроризммен күресте дұрыс байланыс орнатпай келеді деп айыптады. "Соңғы 15 жылда бізден 33 миллиард доллар алды, бірақ біз олардан ештеңе алған жоқпыз", –деп жазған Трамп. АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли Вашингтон Исламабадқа терроризммен күрес үшін 255 миллион долларды бөлмей тұруды шешкенін айтты. Пәкістан билігі болса, Вашингтон мәлімдемесіне қарсы шықты.

Abai.kz

6 пікір