Жұма, 19 Сәуір 2024
3265 0 пікір 5 Қаңтар, 2018 сағат 10:24

Қырғызстан елшілігін Душанбеден Худжандқа көшіру ұсынылды

Жогорку Кеңеш депутаты Таабалды Тиллаев Тәжікстандағы Қырғызстан елшілігі Душанбеден Худжандқа көшірілуі тиіс деп есептейді. Ол бұл пікірін парламенттегі жалпы отырыс кезінде айтты.

«Қырғызстанның Тәжікстанмен іс-қимылы негізінен біздің елшілік арқылы емес, Худжанд қаласында өтеді екен», - деп түсіндіреді депутат.

"Шетелде 38 дипломатиялық өкілдігіміз бар екен. Бірақ олардың жұмысының нәтижесін көріп отырған жоқпыз. Мүмкін ақпан айында сыртқы істер министрін шақырып, олардың не істеп жатқанын сұраймыз? Мемлекет оларды ұстап отыру үшін миллиондаған сом жұмсап отыр. Менің ойымша олардың кейбір қызметкерлері тек айлық алғаны үшін қуанып жүреді. Басқа қажетті жұмыс істемейді", - дейді Таабалды Тиллаев.

Қырғызстан 116 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, 71 халықаралық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істейді. Шетелде 30 дипломатиялық өкілдік және 8 консулдық жұмыс істейді.

Abai.kz

0 пікір