Жұма, 19 Сәуір 2024
3851 0 пікір 3 Қаңтар, 2018 сағат 10:10

Қырғызстандағы білім беру саласына 10 млн евро бөлінді

Еуропалық Одақ Қырғызстанның білім беру саласының дамуына 10 млн евро көлемінде грант бөлді.

Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, бұл қаражат үкіметтің қазына есебіне білім секторын қолдау үшін аударылады.

Хабарларға қарағанда, бұл бағдарламаның мақсаты - жалпы және кәсіби-техникалық білімді реформалау, білім сапасы мен педагогикалық стандарттарды жақсарту.

Грант туралы келісім Жогорку Кенеште талқыланған уақытта бұл қаражат оқулық алуға, мектептерге Интернет орнатуға да жұмсалуы керектігі айтылған.

Abai.kz

0 пікір