Жұма, 19 Сәуір 2024
7518 1 пікір 3 Қаңтар, 2018 сағат 10:09

Тұрғындар натрий нитраты қосылған палаудан уланып қалды

Сот медициналық сараптама көрсеткендей, Тәжікстанның Худжанд қаласында төрт тұрғын натрий нитратынан уланып өлді. Бұл туралы қалалық прокуратура 2 қаңтарда хабарлады.

Тергеушілердің мәліметі бойынша, палау пісірген уақытта натрий нитраты пайдаланылған. Оны "натрий селитрасы" немесе "чили селитрасы" деп атайды.

"Оқиға орнында бұл заттың шағын қорабы табылды. Натрий селитрасы өлген адамдардың ағзаларынан да табылды", - деп хабарлады Худжанд прокуратурасындағы дереккөз.

Соғды облыстық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, Жаңа жыл мерекесінің жақындағанын тойлаған тұрғындар палау жеген, содан уланған төрт адам қайтыс болды, сегіз тұрғын ауруханаға түсті. Оны пісірген 67 жастағы Комил Зоиров да қайтыс болған. Қазір алты адам ауруханада жатыр.

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер натрий нитратын кім және қайдан әкелгенін анықтап жатыр.

Abai.kz

1 пікір