Жексенбі, 5 Шілде 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 41065. Жазылғандар — 13614. Қайтыс болғандар — 188
2721 0 пікір 3 Қаңтар, 2018 сағат 10:07

Өзбекстан тұрғынын 10 жастағы қызын зорлады деп айыптады

Өзбекстанның Әндіжан облысы Избаскан ауданының 35 жастағы тұрғынына 10 жастағы қызын зорлады деген айып тағылды. Бұл ақпаратты құқыққорғау органдары растады.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, 35 жастағы әкесінің 10 жастағы қызын зорлағаны туралы әуелі оның қайын әпкесі білген. Ол бұл туралы қыздың анасына, яғни өзінің сіңлісіне хабарлаған.

"Алты ай бойы күйеуінің қызға күдікті әрекеттер жасайтынын байқаған. Әйелдер оған көз жеткізген соң ғана, бұл туралы милицияға хабарлаған", - деді дереккөз.

Аудандық прокуратура қылмыстық іс қозғады. Күдіктінің кінәсі дәлелденген жағдайда, ол 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

"Ол қызын 2016 жылдың желтоқсанынан бері зорлап келген. Соңғы рет мұндай жағдай 2017 жылы жазда кептерханада болған. Бұны қыздың анасының сіңлісі көрген. Сонымен бірге, ұсталған күдікті әйелін де әдепсіз түрде жыныстық байланысқа түсуге мәжбүрлеп жүрген. Тергеу жүріп жатыр", - деді Әндіжан құқыққорғау органының бір қызметкері.

Зорлыққа ұшыраған 10 жастағы қыздың жағдайы туралы мәлімет жоқ. Бұл отбасы журналистермен сөйлесуден бас тартты.

Abai.kz

0 пікір