Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 5061 1 пікір 2 Қаңтар, 2018 сағат 16:22

Валюта - тудан кейінгі мемлекеттің негізгі символы

Валюта - тудан кейінгі мемлекеттің негізгі символы. Соған қарап, елдің беделін, дәрежесін, саясатын, тариxын, мәдениетін, идеологиясын, керек болса ұстанатын позициясын білуге болады. Дизайнынан бөлек мемлекеттік тілдің жазылуы да маңызды фактор.

Біздің валютаның 2 кемшілігі бар: мемлекеттік емес орыс тілінде жазуы мен тариxи тұлғалардың болмауы. Қағазының сапасы мен дизайнын айтпай-ақ қояйын. Алайда тек қана қазақ тілде жазылмауы бізге үлкен сын.

Кезінде төл теңгемізде Абылай, Әбілқайыр xандар мен Құрманғазының бейнеленуі мықты көрініс еді. Ал қазір қайдағы аң-құстардың суреті валютаның сиқын құртып тұр. Әттең-ай, әттең, тариx пен идеологияның руxани жаңғырмағаны көңілді көншітпейді.

Нұрлан Жанай

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір