Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4228 0 пікір 14 Мамыр, 2009 сағат 07:31

Армагеддон шайқасы - Исраил руларының қалауы ма, жоқ «Шайтандардың» алдап-арбауы ма?

 

 

«Адал және арам адам
тек не істегенімен емес,
сондай -ақ не қалайтынынан
танылады» (Демокрит)
Жалпы, адамдардың барлығы өмірінде көргенін, оқығанын, естігенін, сезінген, білгенін және т.б. жәйттердің ақиқаттығын қажетіне қарай, күнделікті қарым-қатынаста сан рет куәлендіреді немесе теріске шығарады.
Сондай куәландырудың бірі – қазақ халқының салт-дәстүріндегі үйленуші жұптардың еріктілікпен отау құрғандарын растау. Ал
соңғы жылдары Қазақстанда, соның ішінде Шымкент қаласында сондай куәландырушылардың жаңа түрі – «Иеһова куәгерлері» дегендер пайда болды. Бұлардың куәліктері үзіліссіз, қазіргі қалыптасқан мемлекеттік жүйелерді күшпен жоятын, үкіметтер алмастырылатын уақыты адамдардан жасырын, өздерінің Армагеддон шайқасында, егер куәландырулары рас болса, онда «жеңіске жететін» күніне дейін жалғаса беретін сияқты. Бұларда куәлікке туратын жағдайлар мен құбылыстардың туындатар мәресі – «Армагеддон» шайқасы мен «Сот» нәтижесінің шынайылығы үшін жауапкершілік қауым мүшелерінде емес, Құдай-Иеһова, Оның рухани Ұлы (Баласы) – Иса Мәсіх (кейде Фельдмаршал тіркесімен және қос мүйізді «Тоқты» деп те көрсетіледі.) пен олардың қасындағы 144 мың төлемдерін өтеген, таңдаулы «сарбаздарда» болатын сияқты. Әрине, егерде олармен бетпе-бет кездесетін болсақ.  (I)
Бұлар бастапқыда 1870 жылдары АҚШ-ның Пенсильвания штатында «Киелі кітапты» (Таурат, Забур немесе Мойсейдің «бес кітабы», Інжіл деп түсініңіз) зерттеу тобы ретінде құрылған. Христиан дінін ұстанушы әлемнен оқшаулану үшін, 1931 жылы «Иеһова куәгерлері» атауын қабылдаған. Егер ресми ақпараттары рас болса, олардың осы күндері әлемнің 230 елінде құрған бөлімшелерінде 6,0 миллионға жуық мүшелері бар. Солардың бірі - біздің Шымкент қаласындағы 2001 жылдың қыркүйегінде құрылған бөлімшесінде шомылдыру рәсімімен шоқындырылған әрі «рухани дәрежеге» ие болған, әртүрлі ұлт өкілдерін құрайтын, мыңдап саналатын «куәгерлері» бар.
Қауымда бастапқыда «Киелі кітап» атауымен құрған, әрі басшылық еткен Рассел өзін Құдайдың жаршысымын деп жариялайды. Одан кейін билік еткен Разерфорд «куәгерлер» сеніміне кіргеннен соң, өзін «Иеһова» менмін дегенге дейін барады.
Шынында, Мен Мәсіхпін деп қауым мүшелері мен басқа аңғал да сенгіш адамдарды алдап, адастырған «мәсіхсымақтардың» өмірде талайының болғаны тарихтан мәлім.
Мысалы, Грильтон Моше (ұлты еврей деген деректер бар): «Мен сендердің құтқарушыларыңмын. Маған еріңдер. Барлығымыз көкке ұшамыз. Бәріміз ұшып, қасиетті Құдыс қаласына барамыз»,-деп сендірген. Сөйтіп, оларды ағаш үстіне шығарып, теңізге секіртіп, бәрін өлімге душар еткен. Басқа біреуі: «Мен Мәсіхпін. Мені қылыш та кесе алмайды»,-деп мойны қырқылып өлген.
Ондайлардың «қошақандарды» алдап-арбап, соңына ерткен «серкедей», әлі де серуен құрып жүргендерінің қанша екенін кім біледі.
Қауым мүшелері өздерінің діни қызметтерін атқаруларына байланысты АҚШ-ның Жоғары Сотында қаралған 43 істі ұтқандарын, сонымен қатар басқа елдердегі де сондай «жеңістерін» мақтан тұтады, абырой санайды.
Бұл, әрине, олардың өз еріктері. Бірақ, меніңше ондай фактор дін мен Жаратушыға жақын және дәріптеуші ұйымдар мен олардың басшыларының мәртебесін көтеріп, абыройын арттыратын емес, керісінше, қызметтерінде шикіліктер мен шатақтардың барын көрсететіндей.
Иеһова куәгерлерінің орталығы АҚШ-тың Нью-Йорк штатының Бруклин қаласында орналасқан. Бұлардың жалғыз діни мерекесі – «Вечеря» Иса Мәсіх өлімін еске алу туралы иудейлердің діни мерекесі күнінде атап өтіледі.
Бұл екі фактордан Иеһова куәгерлерінің аса белсенділігі, айлакерлігі, сусымалылығы, бетпақтығы, секемшілдігі, дұшпан көзділігі мен зымияндылығының себептері, сонымен қатар моральдық, материалдық, ұйымдық, құқықтық және т.б. қолдау, қорғау көретін мемлекеттері мен халықтарының, сонымен қатар ұлттарының кімдер екенін аңғару қиын емес.
Иеһова куәгерлері Құдайының Есімі - Иеһова, еврей тіліндегі Тәңір  ұғымын білдіреді екен. Ол өз Есімі мен Сөздерін өзінің сенімді өкілдері, достары әрі шарттастары - иудейлерден тараған бірнеше пайғамбарлар арқылы ашып, оны «Заңдағы » (Таураттағы): «Израиль балаларына айтсайшы, Иеһов біздің әкелеріміздің Құдайы, Авраамдар Құдайы, Исаактар Құдайы және Иаковтар Құдайы, мені сендерге жіберді. Міне, Менің мәңгілік Есімім және ұрпақтан - ұрпаққа аталуым үшін», -деп жеткізгендей.
Иеһова Құдайдың сол Израиль балаларына уәде еткен Авраамның «Ұрығы»- Иса Мәсіх екенін ескерсек, ол Армагеддон шайқасынан кейін аспан мен жерде өз Патшалығын құрады екен. Сөйтіп Иеһов Құдайдың қалауымен қайта тіріліп, рұхтары көкке көтерілген 144000 таңдаулы «кіші паданың» (малое стадо) күшімен жер бетінде жұмақ орнатып, мәңгі үстемдік ететін сияқты. Аталған қоғамның Шымкенттегі бөлімі жиналысының бастық-ақсақалы Ли Бористың айтуынша, ол жаққа әлі 8000-нан астам «кіші паданы» құраушы, Иеһова «қалаулылары» көтерілуі тиіс екен. Содан кейін ғана «Армагеддон шайқасы» басталса керек. Онда өзінің аспандағы Фельдмаршалы Иисус Христос арқылы басқарушы, мәңгілік билік патшасы - Иеһова ұлы қасірет келгенде, алдымен ұлы Вавилонның Христиан әлемін және басқа діндерді жазалайды екен.
Иеһова куәгерлері өздері басшылыққа алатын, қолданатын және куәлікке тұратын наным - танымдары мен ілім-білімдері еврейлер «Заңының» канондарына сай келеді. Онда жазылғандар ақиқат, ғасырлар бойы өзгеріске, бұрмалауға және түзетулерге ұшырамаған. Нағыз таза дін - Иеһова куәгерлерінің діні, ал басқа діндердің барлығы жалған... Таурат Заңының бір кішкентай сызығының түсіп қалғанынан гөрі аспан мен жердің жойылып кетуі оңайырақ екенін көрсетеді.
Меніңше, бұл шектен шыққан астамшылық. Өйткені, ол қайбір замандардағы иудейлердің Құдаймен жасасқан «келісімін» бұзып, оны тыңдамай, қарсы шыққаннан да артығырақ. Ол бүкіл ғаламның материалдық-рухани болмыс – бітімін жасап, реттеп,... өзгертуші Аса Құдіретті - Жалғыз Жаратушының жағасына жармасқанмен тең. Сондай тұжырымдарымен, оны өздеріне қызмет етуге әрі Тауратты қайтсе де ақиқат деген Сөзі мен Дәлелін беруге мәжбүрлейтіндей. Олай етпесе, аспан және жермен қоса, Құдайдың өзін де жоямыз деп үрейлендіріп, оның уәдесін бетбақтыққа салып, бәлеқорлықпен алуға бейімдерін білдіреді.
Бірақ ондай «шатақтыққа» өздері ойлап тапқан Құдай - Иеһова болмаса, әлемнің Ақниетті, Адал, Әділетті Иесі әрі Әміршісі – Тәңір Таурат заңының бір сызығы түсіп қалмақ түгілі, толығымен теріс айналдырып жазса да көнбес. Сонымен қатар, жаратылыстың бір молекуласының да із-түзсіз жойылуына жол бермес, әрі ол үшін қатаң жазалар.
Философия ғылымдарының докторы, Ресей Президенті жанындағы мемлекеттік қызметтің Ресей академиясының дінтану кафедрасының профессоры Ф.Г.Овсиенко Иеһова куәгерлері ұйымының қызмет ерекшеліктерін зерттеп: «Иеһова куәгерлерінің жетекшілері барлық діндерді жын-перілер жасаған, тек өздерінің конфессиясы ғана ақиқат, нағыз дін деген пікірді ұстанады. Өздерін өз Құдайларына қызғанышпен, беріле қызмет етуші, басқа адамдардан өзгеше, дараланған, ерекше таза халық санайды.
Иеһова куәгерлері үшін айнала әлем – шын мәнінде дұшпандар әлемі. Себебі, ол Ібіліс, Жын-перілер көрінбей басқаратын, Құдайдың көрінетін ұйымынан, яғни олардың қауымынан бөлек өмір сүретін, ұйымдасқан адамдар қоғамы. Егер, сен Құдай жасайтын, жаңа жүйені қаласаң (әрине, Армагеддон шайқасынан кейін қалыптастырылатын), ондай жалған дінді әлемнен аулақ болуың керек. Сондықтан, Иеһова куәгерлері қауымының шынайы мүшелері олардың, яғни қазіргі кездегі бар мемлекеттер ұстанымдарын орындамауға болады және қажет деп ұғындырады»,-деген тұжырым жасапты.
Иеһова куәгерлері Грек христиандардың Кітабі- Жаңа Өсиет пен Еврейлердің Кітабі-Көне Өсиеттің мәтіндеріндегі айқын бейнелік немесе символдық мағына беретін сөздерден басқаларын мойындайды және түсінеді. Православтық және Католиктік діндердегі Үшбірлікті Құдай-Әке, Бала және Қасиетті Рухтың бірлігін мойындамайды, яғни Иса Мәсіхті өмірге қыз Мәриямның әкелгенін жоққа шығарады.
Солай бола тұра, олардың кітаптарындағы Иеһова Құдай Есімі, Сөзі мен Иса Мәсіхтің аспан мен жердегі өмірге әмірлік етуге тағайындалған Патша екенін куәландыратын тұстарын ұтымды және толығымен пайдаланып «қосмекенділік» қасиет-қабілет көрсетеді.
Иеһова куәгерлері : «... Әрбір кезеңдерде Құдайдың өзіне қызмет етушілердің тек бір тобымен ғана қатынастарда, яғни шартта, уәдеде және достықта болғанын біздер көрудеміз... Сол сияқты бүгіндері де Құдай өзінің шынайы және сенімді қызметшілері ретінде бір ғана халықты таңдап, мойындауы мүмкін. Бірақ соңына ертуге болатын, Құдай басшылығына мойынсұнып, Оған бас иетін халықты біз қалай білеміз»,-дейді. Сөйтіп оған: «Құдайға беріле сенетін, оның басшылығына ынтызарлықпен көнетін - Иеһова куәгерлері»,- деп өздері жауап береді.
Иеһовалықтардың наным-танымдары мен тұжырымдауларынша, бек - мырзалар әдетте өз құпияларын қызметшілеріне айтпайды, аса ерекше және құнды ойларын, түпкі көкейтесті мақсат-мүдделерін оларға білдірмейді екен. Ал дос досқа сенеді. Иеһова Құдай Авраамды дос еткен, сондықтан өз құпияларын, аса ерекше және құнды ойлары мен түпкі мақсат-мүдделерін оған сенген, әрі жеткізгенін куәландырады.
Егер, осыны шындық деп қабылдасақ, онда Иеһова өз құпиялары мен түпкі, көкейтесті мақсат-мүдделерін қатардағы, өз Сөзі мен Есіміне куәлікке тұратын «сынақтан» өтушілер түгілі, шомылдыру рәсімімен шоқынған және «рухани дәрежеге» ие болған, қоғамның 6,0 млн-ға жуық заңды мүшелерінің Авраамның «ұрығынан» еместеріне, яғни басқа ұлт өкілдеріне сенбейтіні және жеткізбейтіні анық.
Ондай жағдайда, бұны біріншіден жаңа, әрі жасанды Құдай-Иеһованың өзі немесе оның атынан әрекеттенуші, аталған қоғам басшыларының адамдарды ұлттық, рулық, тайпалық, әлеуметтік-тұрмыстық жағынан дискриминациялау; екіншіден, өздерінің секемшілдік, күдікшілдік, арампиғылдық белгілері барын; үшіншіден өздерінің басқалардан артық екендерін білдіргендері деуге болады.
Осы жерде айта кететін бір жәйт, ол- негізгі және дәстүрлі діндердегі Құдайлардың болмыс-бітімі, қасиет-қабілеті, құдіреті мен түйсіктік дәрежесі, өзі жаратқан жандарын алалап дискриминациялау сияқты адами әлсіздіктен әлдеқайда жоғары, әрі ондай қарапайым пенделікке дейін төмендемейтініне сеніміміздің барлығы. Әсіресе Аса Құдіретті Жалғыз Жаратушы - Алла тағаланың өзі жасаған жұп - Адам Ата мен Хауа Анадан өсіп-өнген пенделерінің араларына сондай жік салуы логика заңдарына қайшы.
Сондықтан, мұны жалпы діндер ұғымы мен олардың ерекшеліктерін пайдаланып, ұлттарды сондай алаулаушылық пен дискриминациялаумен өзара өшіктіріп, кектендіріп, жауластырып, әбігерлеп, әлсіретуді көздейді деуге негіз бар. Мұны сондай-ақ, соған қол жеткізгеннен кейін, оларға үстемдік етуге ұмтылушы Иеһова куәгерлері қауымын құрайтын кейбір ұлттар өкілдерінің, мемлекеттер мен ұйымдар басшыларының арам пиғылды, жаны жәдігөйленген, рухани - психологиялық ахуалдарында өзіндік «ерекшеліктері» мен «өзгешеліктері» бар этникалық-кландық топтарының мақсат-мүдделері деуге болады.
Бұл пікірді: “Құдайдың қалауынша барлық халық Авраам “ұрығы” арқылы жарылқануы тиіс. Құдай “Заңдағы” өсиетті тек Израиль халқымен ғана келісіп, жер бетіндегі басқа халықтармен жасаспады ... Біздер Құдай етілген уәдесін қашан орындап, Авраам “ұрығы” - Иса Мәсіх өз шапағатын жердегі басқа халықтар өкілдеріне (әрине, өздеріне мойынсұнған және ерген “куәгерлерге”. - Автор) шашатын бақытты сәтті тағатсыздана күтудеміз...
...Сонда періште мені Киелі Рухтың әсерімен биік те ұлы таудың басына алып шығып, маған қасиетті Иерусалим қаласын көрсетті... Оның қақпаларында Израиль халқының он екі руының аттары жазылған екен... Қала қабырғасының он екі іргетасы да бар екен, оларға Тоқтының он екі елшісінің есімдері жазылыпты... Мен маңдайларына Құдай таңбасы салынғандардың саны 144000 екенін естідім; олар Израильдың барлық руларынан еді. Әрбір рудан, яғни Яһуди, Рубен, Ғад, Ашир, Нафталим, Манаса, Шимон, Леуі, Исатар, Забулон, Жүсіп және Бунямин руларынан он екі мыңнан адамға таңба салынды (бұл деректер Авраам «ұрығынан» емес Ли Бористен құпия сақталса керек. Автор).
...Ия, біздер барлық жерде жұмақтың орнағанын көксеудеміз», - дегендері қуаттайды. Сөйтіп, сол «шапағатты» шашатын израильдық еврейлер екеніне баса назар аударып, өзге ұлт өкілдерінің ой-саналарына сынаша қағып, сіңіре түседі. Мұны олардың өзгелерге өктемдік етудегі мақсат-мүдделеріне жету жолында, өздерін Құдайдың (әрине Иеһованың ғана) қалаулылары, сенімді, мәмлелес достарындай көрсетіп, басқа ұлттарды «тастанды» кейпіндегі көнбіс психологияға дайындау деуге болады.
Иеһовалықтардың наным-танымдарынша, нақты уақыты құпия сақталған “Армагеддон шайқасында” Иса Мәсіх алдымен аспандағы шайтан-перілерді құртады. Содан кейін жерге түсіп, зәлімдер, зұлымдар, “дұрыс жолға түспегендер” мен Иеһова Құдай басшылығына тәжім етпегендерді жояды екен. Қазіргі мемлекеттерде орын алған әділетсіздіктер, теңсіздіктер, жексұрындықтар мен басқа да зиянды құбылыстардың орын алуына кінәлі тұлғаларды соттау өкілеттігі Иса Мәсіхке беріліпті. Ол Киелі Кітаптағы: “Құдайдан емес билік жоқ,”- деген тұжырымды біле тұра, осы күндердегі қалыптасқан мемлекеттік жүйелерді жойып, адамдар құрған үкіметтерді құртып, «кіші паданы» құраушылармен алмастырады екен. Ал басқа діндер өмір сүрулерін өздігінен тоқтататын сияқты.
Осы жерде профессор Ф.Г. Овсиенконың: «Иеһова куәгерлері діни наным-танымдарының негіздері мен уағыздарында, басқа діндерге сенімді жою, оларға қаскөйлік көзқарас пен түйсікті қалыптастыру; католиктік, православтық, протестанттық, буддалық, исламдық және басқа діндерді ұстанушы азаматтарға дұшпандық сезімдерді қоздыру; діни жеккөрушілік пен араздықты өршіту ниеттері, пиғылдары мен идеялары бар»,- деген қорытындысын келтіргенді жөн көрдім.
Бұл Иеһованың Сөзі, Есімі мен Өзін шатақ шығару үшін пайдаланып, діни дүрбелең салу, лаңкестікті өршіту, ұлттарды өзара жауықтыру мен мемлекетаралық қырғи қабақтық туындатудың нағыз ішмерезденген айла-шарғысы емес пе ?
Сонымен қатар, олар өзге дінді ұстанушылармен бірге, жалпы адамзатқа Армагеддон шайқасында физикалық күш пен құқықтық жаза қолданылуы мүмкіндігін ескертіп, үрейлендіру жолымен, оларды дәстүрлі діндерінен жерітуге, шығуға және өз қауымдарына кіргізуге бағытталған: “Иеһова Құдайдан басқаға бас иу – қылмыс. Жын-шайтанның жалған дініне телінген католиктік, протестанттық, исламдық, буддалық, индуистік діндегілер Құдайды, оның махаббатын, Есімін және Баласын сатқандары үшін толық жауап беріп, жазаланады”,- деген моралдық – психологиялық бопсалау әдісін қолданады.
Мұны бұйрықтық райдағы нұсқама ретінде, тек діни наным-таным еріктілігі тарапынан ғана емес, Қазақстан Республикасының азаматтық, әкімшілік, қылмыстық Кодекстері мен халықаралық қауіпсіздік тұрғысынан зерттеп, сараптап, қолданылуына тыйым салынуы тиіс тұжырым деуге негіз бар.
Иеһова куәгерлеріне сенсек, Иса Мәсіхтің басшылығымен жерде мың жылдық соғыссыз, үрейсіз, әділетті, зорлық-зомбылықсыз, қылмыссыз, ауру-сырқаусыз, өлімсіз, жұмақтық өмір қалыптастырылып, барлық адамдар үйлі болады екен. Сөйтіп Иса Мәсіхтің көктегі мәңгі құрымайтын патшалығы жерде де орнап, ол өз дұшпандарының арасында әмірін жүргізетін сияқты. Ондағы жалғыз патшалықтың, яғни жаңадан құрылатын мемлекеттің басшылығы “басқа адамдарға” берілмейді, әрі Иеһова Құдай одан әрі қарай да «өзге адамдардың», яғни Авраамның «ұрығынан» еместердің жердегі үкіметті билеуін болдырмайды екен.
Бұл өз кезегінде, ислам дініндегі о дүниелік «жәннәттік» өмір, бұл дүниелік «коммунизм» көрінісі ретінде, тек өз орталықтары орналасқан АҚШ-ы мен жалғыз діни мерекелері-«Вечерясын» қабылдаған Израильде ғана құрылады ма? Жоқ, әлде Иса мәсіхтің қалауымен басқа мемлекеттер аумағында да болуы мүмкін бе? “Өзге адамдар” мен “дұшпандар” кімдер? Қандай халықтар мен ұлттардың өкілдері? - деген заңды сұрақтарды туындатады. Бірақ, оны Иеһова куәгерлерінің АҚШ-тың Бруклин қаласы мен Израильдің өктемдікпен иемденіп, өз астанасы–деп жариялаған Иерусалимдегі Бас басқарма басшылары білмесе, басқа елдердегі “қосшыларының”, әсіресе өзге ұлт өкілдерінен тұратын «кішкене қошақандар» мен «тума тоқтылардың» нақты түсініктері жоқ сияқты. Оны қоғамның Шымкенттегі бөлімінің көше кезіп, куәлікке тұратын қатардағы куәгерлері мен Ли Борис сияқты «рухани дәрежелі» қызметкерлерімен пікірлесу көрсетті.
Сонымен қатар, бұлар жоғарыдағыдай «куәліктерінде» бөгде адамдарды алдамшы сағымдый үміт пен жан жасытар үрейге тең тоғытып жүрген “Армагеддон” шайқасы, қазіргі мемлекеттік жүйелерді жойып, үкіметтерді құлатудың дінмен көмкерілген саясаты әрі түпкі мақсаты деуге болады. Ол “генетикалық түрі өзгертілген” -Иудаизм негізінде құрылған, иеһовалықтардың жаңа, дүбәрә дінінің қаңқасына ет бітіріп, жан беріп, аңғал халықты жерде «жаңа жұмақ»-«ескі коммунизмді» орнатамыз деп, алдап-арбаумен айналасудың арамза және көнбіс «қозы-қойға» айналдырудың айла-шарғысы деуге негіз бар.
Сондай идеялардың бірегейі – о дүниелік жәннәтті жер бетіне шығарып, атеизмге негізделген “коммунистік қоғам” құру идеясының негізін Авраамның ХІХ ғасырлық «ұрығы» - К.Маркстың қалағаны тарихтан белгілі. Сол коммунизмді бүкіл әлем түгілі, тек Ресейде орнатудың өзі орыс ұлты мен патшалығына, сонымен қатар дүние жүзі халықтары үшін неге түсіп, немен тынғанын өмір көрсетті.
Большевиктік компартияның революцялық ұраны: “Барлық елдердің пролетарлары бірігіңдер,”- деген мен Иеһово куәгерлерінің Армагеддондық уағызы: “Барлық елдердің тарығып - зарыққан мұңластары ұйымдасыңдар”,- дегендердің ұғымдары мен мақсаттары бір – оларды өздеріне қолайсыз немесе мойынсұнбаған мемлекеттік жүйелерді жойып, үкіметтерді құлатып, өз үстемдіктерін орнатудың таптық күрестеріне моральдық, рухани және психологиялық тұрғыдан дайындау, біріктіру және нақты әрекеттерге бейімдеу. (II)
Егер Иеһованың өзінен басқаларға бас иу – қылмыс,-дегені ақиқат болса, онда Иеһованың өзімен бәсекелес басқа да Құдайлардың немесе табынуға тұрарлық, тұрлулы Тұлғалардың барынан секем алуын аңғару қиын емес. Сөйтіп, олар қандай Құдайлар? Есімдері қандай? Қайсы ұлттар мен халықтардың құдайлары? – деген сауал салуды сұранады.
Иеһова куәгерлері: «Бізде адамдарды нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік және басқа белгілері бойынша алалаушылық жоқ, бәрі бір Мәсіхтің өзінде»,- дейді. Құдайларының Есімі, Сөзі мен Исаның Патшалық құру өкілеттігін растау үшін, Авраамның “ұрығынан” тараған Израильдік еврейлердің “бірегей балаларының” аты- жөндерін тізбелеп, Таурат, Забур, Інжілмен қатар Құраннан да көптеген деректер келтіреді. Бірақ Алла тағала жіберген сол Құранды басшылыққа алып, Ислам дінін қалыптастырған және әлем халықтарына жеткізген, адамзат тарихындағы тұрлаулы тұлғалар тізімінде бірінші болып тұрған Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың есімін бір рет те атамайды. Бұл нағыз алалаушылық, қызғаншақтық, көре алмаушылық пен кекшілдік емей немене?
Мүмкін Иеговалықтар Мұхаммед (с.а.у.) ортақ әкелері Авраамның «тұңғыш ұрығының» ұрпағы ретінде, оның қазіргі тектестері - арабтардың еврейлерге қояр белгілі бір әлеуметтік-тұрмыстық, моральдық, азаматтық немесе материалдық- құқықтық талап қоюларынан сақтанатын болар? Жоқ, әлде Алла тағаланың Мұхаммед (с.а.у.) өзінің сенімді елшісі және соңғы пайғамбар, - деген үкіміне қарсы наразылықтары мен бүліктері ме? Әйтеуір бір бәлекеттің бары анық, әрі ол діннен гөрі саяси-қоғамдық, рулық-тайпалық және ұлттық-экономикалық мақсат-мүддеден туындайтындай.
Осында көрсетілгендерден басқа да, көңіл бөлерлік және күмәнді жәйттерді шын мәнінде байқамады ма, әйтеуір «Әділет» Жоғарғы құқық мектебінің қызметкер – ғалымы З.А.Туфан Иеһова куәгерлерін залалсыз, періштедей пәк, қайғы-қасірет шеккендер, тарыққандар мен зарыққандар қамқоршысы, қорғаушысы және жарылқаушысындай етіп көрсетіпті.
Құдай мен Зұлымдық күштерінің соңғы Армагеддон шайқасы, олардың кәдімгі рухани балағаттасуларын көрсететін жалпылама түсініктер. Сондықтан оларды соғысты насихаттау деп қарауға болмайды. Онда нақты тұлғаларға қарсы әскери әрекеттерге шақыру жоқ, — депті.
Ал профессор Ф.Г.Овсиенко, жоғарыда келтірілген пікірін: «Иеһова куәгерлері өзге дінді ұстанушы адамдарға қатысты араздық пен дұшпандықты тұтатады. Қауымға тартылғандарды, әсіресе жастарда ұлттық әдет-ғұрып, сана-сезім мен салт-дәстүрді сақтап, ұстанушыларға төзімсіздік пен өшпенділікті қалыптастырады...
Қауымның тіркелген Ережелері мен күнделікті, нақты жүргізілетін іс-шараларында айырмашылықтар бар», - деп жалғастырыпты.
Әрине, әркім де, әсіресе ғалымдар өз ойлары, пікірлері мен көрулерін білдіріп, оны насихаттап, қорғауға құқылы, сонымен қатар жауапты екендерін де ескермеуге болмайды. Бірақ...
Бірақ, З.А.Туфанның сондай «түкке тұрмайтын» және мән беруге болмайтын, аса қуатты және қарама-қарсы тараптардың «кәдімгі рухани балағаттасулары» үшін, Иеһова Құдай мен Иса Мәсіхтің көкке тек Исраильдың 12 руынан тұратын 144000 нөкерлерді шоғырландырып, жердегі 6,0 млн-ға жуық «рухани дәрежелі» куәгерлерді 230 елдің көшелері мен алаңдарында кездіріп, үйлер, пәтерлер есіктерінің алдарында телміртіп, діни дүрбелең салудың керегі не? Дүние жүзіндегі мемлекеттер мен үкімет басшыларын «Патша»- Иса Мәсіх Армагеддон шайқасын қашан бастайды, өздерін қашан соттайды деп алаңдатып, басқа адамдарды үрейлендіріп, қыруар материалдық-қаржылық шығын жасап, рухани-физикалық күш жұмсап, уақытты сарп етіп, құқық бұзушылықтар мен соттасуларға барудағы түпкі мақсат не? — деген заңды сұрақтар туындайды.
Ол сұрақтарға жауап табу үшін, Иеһова куәгерлерінің ұйымдық-құқықтық, наным-танымдық және қызметтік-құрылымдық тұрпатының ықшамдалған алгоритмдік модулінің көрсеткішін жасайық.
1. Атауы – Иеһова куәгерлері.
2. Авторы – Қоғамның Бас басқармасы.
3. Қозғаушы күштері – Иеһова Құдай, Иса Мәсіх және аспанға көтерілген, тек Исраилдің, яғни қазіргі еврейлер ата-бабаларының барлық он екі руының өкілдерінен тұратын 144000 «кіші пада».
4. Негізгі тірегі – Тора «заңдары» (Таурат, Забур, Інжіл, Пайғамбарлар жазбалары және қоғам Жарғысы).
5. Ақпараттық қор көздері – Иудаизм, Христиан мен басқа діндерге негізделген уағыздық кітаптар, журналдар, трактаттар, буклеттер мен басқа да діни әдебиеттер.
6. Мақсаты - әлемнің барлық елдерінде өз бөлімдерін құрып, оларға «куәгерлерді» неғұрлым көбірек тарту, ұйымдастыру және атқарушы органдар жасақтап, олардың қолдап, қатысуларымен Армагеддон шайқасын жүргізу. Ондағы жеңіс нәтижесінде (әрине, солай бола қойса) қазіргі мемлекеттік жүйелерді жойып, үкіметтерді алмастыру, жалғыз дін – Иеһова куәгерлерінің діні мен олардың мүшелерінің ғана қалуын қамтамасыз ету, жерде жұмақтық өмір орнату (КСРО-да «коммунизм» құру жоспары мен оның нәтижесінің 19.08.1991 жылы «қорытындылануын» ескерген жөн) және «Сотты» жүзеге асыру.
7. Армагеддон шайқасының басталуына қолайлы, қажетті және жеткілікті факторлар:
7.1. Иеһова куәгерлерінің Дүниежүзілік ұйымының заңды тұлға ретінде пайда болуы, 230 елде (болашақта барлық елдерді қамту көзделген) бөлімдерінің құрылуы және оларда 6,0 млн. (болашақта одан да көп) «куәлікке тұрушылардың» болуы.
7.2. Қазіргі бар мемлекеттік жүйелер мен үкіметтердегі қалыптасқан жағдайға қапа, күйінішті, наразы, тарыққан-зарыққан, мұңлас, мүдделес адамдарды неғұрлым көп және тез іздеп тауып шоқындыру, «рухани дәреже» беру, қоғам мүшелігіне қабылдау және куәлікке тұрғызу, Армагеддондық шайқасқа дайындау, бейімдеу, ұйымдастыру.
7.3. Иеһова Құдай уәде еткен Авраамның «ұрығы» - аспандағы Мессия – Иса Мәсіхтің және онда көтерілген 144000 «кіші паданың» жерге түсіп, Армагеддон шайқасын ұйымдастырулары және басшылық етулері.
8. Армагеддон шайқасы болатын мерзім – Иеһова куәгерлері ұйымының бөлімдері құрылған елдердің барлығында, немесе белгілі бір бөлігі мен нақты мемлекеттерде қолайлы, қажетті және жеткілікті жағдайдың туындауы.
9. Армагеддон шайқасы басталатын уақыт пен жер аумақтары:
9.1. Кейбір мемлекеттер мен олардың саяси-экономикалық одақтас елдерінде және әскери соғыс құрамалар араларындағы қарама-қайшылықтардың ұйыса өршуі, қақтығыстар мен соғыстардың орын алуы, үдеуі және жиілеуі.
9.2. Колонияланған және оккупацияланған елдердің бостандық, тәуелсіздік үшін күрестері мен көтерілістерінің орын алулары мен басқа да қиратушылық құбылыстар.
Егер осы алгоритмдік көріністің бір бөлігі жалған, әрекетсіз немесе жоқ болса, онда Иеһова Құдайдың Есімі, Сөзі, Иса Мәсіхтің екі өмірде барлығы мен өкілеттігінің шынайылығы және 144000 «кіші паданың» көкке көтерілгендігі, ең бастысы- Киелі Кітаптың ақиқаттығы дәлелсіз, яғни Иеһова Куәгерлері ұстанатын діні жалған, ілім-білімдері жарамсыз болып шығады. Ал алгоритмдік модуль толыққуатты, өміршең және әрекетті болса, онда қазіргі мемлекеттер мен үкіметтерді Иса Мәсіхтің басшылығымен 144 000 «кіші паданың» талқандауын, жоюын және алмастыруын қалаушылар – Иеһова куәгерлері қауымының Бас басқармасы мен жергілікті бөлімдер басшылары және олардың 6,0 млн-ға жуық мүшелері болады. Олар, Иеһовалықтар куәләндырған Армагеддон шайқасы, қоғам бөлімдері ұйымдастырылған 230 елдің барлығында, соның ішінде Қазақстанда да жүргізіледі, яғни қазір де құпиялы түрде дайындалуда деуге негіз бар.
Сондықтан, бұл халықаралық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан қарауды, қадағалауды, зерттеуді, талқылауды және сақтық шараларын жасауды талап ететін жәйіт.
Иеһова Құдайдың «Заңында» (Тауратта): «Құдай өз Басшылығын адамдарға жазбаша, тікелей айтып жаздыру, түс пен өңінде көру және періштелер арқылы беруді жиі пайдаланады. Құдай көп жағдайда өз рухымен жебеген адамдарға көргені мен жеткізілген хабарды өз сөзімен жазу еркін берді. Бірақ оның қате жібермеуін өзі қадағалайды»,-деген анықтаулар бар. Соны ескеріп, біз де Аса Құдіретті Жаратушының рухани жебеуінен үміткерлер ретінде, өз мүмкіндігіміз шегінде: «Иеһова куәгерлерінің наным-танымы мен ілім-білімдері иудейлік-израильдық- еврейлік діндер тамырларынан нәр алған «дарақ» бұтағына өте мұқият ұластырылған бүртік қана. Оның әртүрлі «химикаттар» тықпылап ісіндіріп, мезгілінен бұрын пісірген жемісінің еліктіргіш иісі, делқұл етер дәмі бар. Аса Құдіретті Жаратушы өзі жасап, өсіп-өнуін қалаған Адам Ата мен Хауа Анаға жәннәтта жеуге тыйым салғандай жемісті, Иеһовалықтардың «жер жұмағын жасаймыз» деп, біздерге дәмін татуға ұсынған - «генетикалық өзгертілген» түрі екеніне куәлікке тұруға еріктіміз.
Бұл тұжырымымыздың дұрыс-бұрыстығын қадағалап, түзету мүмкіндігін қауым мүшелері мен олардың «генетикалық түрі өзгертілген» Құдайлары-Иеһованың өз еркіне қалдырдық. Сонымен қатар, ондай «генетикалық түрі өзгертілген» жемістер жеудің жеке дара тұлғалар түгілі, жалпы адамзаттың қабілет-қасиетінің, сана-сезімінің, ерік-жігерінің, ой-өрісі мен болмыс-бітімінің қалыптасуымен қоса, рухани денінің саулығына да теріс әсер ететінін естияр бауырларымызға жариялай жеткізуді жөн көрдік.
Кез-келген қоғам мен ұйым қызметінің сапасы, тазалығы, нәтижесі, негізінен оның бірінші басшыларының қабілет-қасиеттері, ілім-білімдері, адал-арамдығы мен парасат-пайымдылықтарына тікелей байланысты болатыны белгілі. Сондықтан, Иеһова куәгерлері қоғамының Бас басқармасы мен 230 елдердегі бөлімше басшыларының қандай нәсіл мен ұлт өкілдері екеніне қарамай, оларға бағаны Шымкент қалалық Бірлестігінің төрағасы Р.Р.Шибельгутқа қарап беруге болар деп есептейміз. Себебі, олардың барлығы өздері басшылыққа алған Тораның, Інжілдің Киелі Кітап пен өз Жарғыларының «бір сызығын түсірмей» жұмыс істейтіндеріне сенгіміз келеді.
Р.Р.Шибельгут мырзаға 2006 жылы қауымның діни наным-танымдарымен танысу мақсатында, қазақ тілінде сұраным хат жолдағанмын. Оған ол орыс тіліндегі жазбаша жауабына, бір бума діни кітаптар мен әдебиеттерін қосып, менің келісім-қалауымсыз, өзі тікелей пәтеріме әкеліпті. Мен оған хатты мемлекеттік тіл - қазақ тілінде түзуін өтініп, қайтарып жібергенмін. Бірақ, ол оны өзгеріссіз, конвертке салып, почтамен қайтадан жіберіпті. Сөйтіп, ол менің Конституциялық құқығым, Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» заңы мен Президенттің заң күші бар «Азаматтардын арыз-шағымдарын қарау тәртібі туралы» Жарлығын бұзып, өзінің «шатақтығын» көрсеткен.
Оның сондай бірбеткей, өктем де өзімшіл әрі зымияндығының себебін, ол басқарған қоғам Жарғысындағы: «Иеһова куәгерлері діни уағыздарын және куәлікке тұруларын адамдардың үйіне еш кедергісіз, еркін және әртүрлі жолдармен барып, кіріп жүзеге асыруға құқылы», - деген тұжырымдардан ұқтым.
Сонда олар: «кедергісіз, еркін және әртүрлі жолдармен»,-деген ұғымдарға азаматтық, әкімшілік және тағы басқа құқық бұзушылықтарды да жасай беруге болады,-дегенді де кіргізіп жіберген сияқты.
Осындай, бөгде, яғни өз қауымының мүшесі емес адамдардың үйлері мен пәтерлеріне еркін барып, рұқсат етілмеген жерлерде діни қызметтер көрсетіп, жиындарын өткізгендері үшін, Оңтүстік Қазақстан облыстық соты Иеһова куәгерлерінің Шымкент қалалық қоғамдық бірлестігінің қызметін уақытша - алты айға тоқтатқан еді. Бірақ, ол облыстық прокуратураның қарсылық қаулысы негізінде қайта қаралып, облыстық сот комиссиясының шешімімен мерзімінен бұрын бұзылып, Сарыағаш аудандық сотының қарауына жіберілді.
Сатып алған жерін нысанды мақсатында пайдаланбағандығы үшін, яғни тұрғын үй орнына діни қызмет көрсетуге арналған лекциялық залы бар құрылыс жүргізгендіктен, оны мәжбүрлеп бұздыру туралы Кентау қалалық сотының шешімі де облыстық соттың азаматтық істер алқасының қаулысымен шінәрә бұзылып, сол соттың қайтадан қарауына ұсынылды. Сөйтіп, Шибельгут «шатақтығының» тасы прокуратураның қадағалауымен өрге домалап, Иеһова куәгерлері соттасуда жеңіске тұрарлық екі «итжығысқа» қол жеткізді.
Осы жерде, сол Р.Шибельгут басқаратын Шымкенттегі қауымның «куәгер»-мүшесі, «Қазығұрт» ықшам ауданында тұратын М. (Махамбет. Ред. үшін) деген азаматтың әкесі А.А.-ны (Алқожин Амангелді-марқұм болған. Ред. үшін), сол қоғамға мүше болудан бас тартқаны үшін, моральдық зорлық пен физикалық күш қолдануынан мезгілсіз қайтыс болғанын айта кеткен жөн. Сол ұлы әкесінің торқалы топырағын салып, жерлеу үшін де келмеген.
Демокриттің: «Адал және арам адам не істегенімен емес, сондай-ақ не қалайтынынан танылады»-дегенін ескерсек, Иеһова куәгерлерінің Қазақстанның мемлекеттік Әнұранын орындамауларынан (Қайнар бұлақтағы №83 мектепте 25 оқушы «Иеһова куәгерлері» қауымының мүшесі болғандықтан, еліміздің әнұранын орындамағаны мәлім) Туын, Елтаңбасын және шекараларын қабылдамауларынан, әскер қатарында қызмет етпеулерінен, мұқтаж адамға қан беруден бас тартуларынан, біздің елге деген ниеттері ақ, қызметтері адал, жақсылық қалайды деу аңғалдық болар еді.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, Иеһова куәгерлерінің халықаралық ұйымы:«Өз қоғамының мүшелері басқа адамдардан өзгеше, дараланған, ерекше таза халық деген алдап-арбау пікірлерінің панасында, Авраамның «ұрпақтары»-«иудейлік-израилдық еврейлер Құдай қалап уағдаласқан, жақын дос еткен, өз құпияларын сенген, өзге ұлттарға шапағат шашушы ретінде таңдалған халық»,- деген пікірді бекітуге жұмыс істейді деуге болады.
Олар Иеһов Құдай Авраам «ұрығының» өз рұхымен жебелгендерге «Заңды» (Тауратты), Забур, Інжіл және Пайғамбарлар жазбаларын өз көрулерінше, тере қолдануына рұқсат еткен, әрі заңды мирасқорлық құқығы берілген. Олар израильдық еврейлер ұлт дегенді қайта жаңғыртып, олардың «бұрынғыдай  басқа ұлттарды жарылқаушылығын» қалпына келтіруді көздейді. Немесе керсінше, басқа дінді ұстанушы ұлттар, халықтар мен мемлекеттерді оларға өшіктіріп, қарсы көтеріп, «баяғыдай» талқандап, босытып жіберуді және олардан Иерусалимді тағы да тазартуды қалаудың нышандары бар деуге негіз береді. (III)
Қалай болғанда да, осы «екі жағдайға» да жол бермес үшін, Иеһова куәгерлері қоғамының Бас басқармасы мен жергілікті бөлімдер басшыларының, олардың мүшелерінің не уағыздап, не айтып, не жазып, не істеп жүргендерін емес, басқа ұлттар, халықтар мен мемлекеттерге не қалайтындарына көз жеткізген жөн. Ол бір ғана Қазақстандықтардың қалауы болмаса керек, әрі алдағы мәселе.
Осы жерде, Парламенттің Қазақстан Республикасындағы «Діни сенім-наным бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» Заңына кеше ғана енгізген өзгерістері мен толықтырулар қабылдағанын әділетқұмар қауымның оң қабылдағанын айта кеткен жөн. Онда халықаралық тәжірибе, жетістік пен жағдайды ескере, сонымен қатар елдегі қалыптасқан ахуалды айқын көре жасағаны көңілге сенім ұялатқан еді. Себебі, онда Иеһова күәгерлері мен басқа да діни қауымдардың жоғарыда келтірілгендей «кесапаттықтары» мен «шатақтықтарына» тежеу қойып, жалпы мемлекеттік мүдде мен қоғам қауыпсіздігінің сақталуына оң ықпал ететін ұйымдық-құқықтық жағдайлар толық болмағанымен, жеткілікті қарастырылғандай болатын. Бірақ оны жоғарыда көрсетілгендей, иеһовалықтар сияқты «бетбақтар батальондары», «қой терісін жамылған» қорқау қасқырлардай қасқойлар «бесігіне бөлетпей», желкесін «жөргегінде қиғаны» біз үшін өкінішті.
Ал оны «қырық минут» толғатып дегендей, дүниеге әкелген материалдық Анасы мен рухани Атасының орталарында қалған «бос бесікті тербетіп», үнсіз қала бергендерін - сол «перзенттерінен» безінудің, не өз дәрменсіздіктерін сезінудің, немесе алдағы бір қасіретке кезігудің алғы шарттарын қалады демеуге амалымыз жоқ.
Енді Иеһова куәгерлері сияқты бетбақтар мен шатақтардың шабыттана көше кезіп, үйлеріне үңіліп, көкке самғаулары үшін, ескі «Заңды» бұрынғыдай дорбаға салып езіп, ерітінді етіп ішпей-ақ, бүтіндей шайнап жұтары анық. Ал Шымкенттегі Р.Р.Шибельгут басқаратын қауым мүшелерінің «тасы тауға шапшитын» болды. Себебі, олардың желімдей жабысқақ, сынаптай сусыған, жергілікті «қозы-қойлардан» тұратын, «титтей паданы» (микро стадо) құраушы «куәгерлердің» алдап-арбауына, түсушілер санының үдемелі артары сөзсіз. Сөйтіп, өз бауырларымыз бен басқа да отандастырымыз, иеһовалықтардың «генетикалық түрі өзгертілген» дүбәрә дініне кіріп, делқұл болып, өз жәннәттері-шаңырақтарын шайқалтып, керегелерін қиратулары қарқындауы ықтимал. Сонда Ел Атасы мен Анасы «бос бесікті» бір-біріне итермелеп, иттерше ырылдаспаса болғаны да???
Ескерту:
1. Материалдың мазмұн-мақсаты тек «Иеһова куәгерлері» діни қауымының басшылары мен мүшелеріне, сонымен қатар аты-жөндері көрсетілген жеке физикалық тұлғалар мен заңды ұйымдарға ғана қатысты.
2. Суреттердің орналасу реті:
І- бас қаңқалары; ІІ- большевик сарбазы;                 ІІІ- ешкі.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3546