Сенбі, 20 Сәуір 2024
5320 2 пікір 29 Желтоқсан, 2017 сағат 08:52

Жезөкшелер үйіне айналған балалар үйі тексеріліп жатыр

Ферғана облысының прокуратурасы Марғилон қаласындағы №1 балалар үйіне мемлекеттен және халықаралық ұйымдардан бөлінген қаржыны ұрлау және тәрбиеленушілерге жыныстық зорлық көрсету деректері бойынша қылмыстық іс қозғады.

Дереккөзге қарағанда, №1 балалар үйінің директоры Кахрамон Орипов пен мекеме күзетшісі қамауға алынған. Директордың екі орынбасары мен оншақты тәрбиелеуші және бас есепші жұмыстан босатылған. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Дереккөздің хабарлауынша, балалар үйінің директоры туыстары мен достарын жұмысқа алып, миллиондаған қаржы жымқырған.

Мұнан бөлек балалар үйінің тәрбиеленуші қыздарын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Қазір бұл істі тергеушілер бақылауына алған. Қыздарды дәрігерлер тексеріп жатыр.

– Балалар үйінің басшылығы мекемені жезөкшелер үйіне айналдырып жіберген. Жетімдерге бөлінген миллиондаған қаржыны жымқырған. Қазір бұл іспен прокуратура айналысып жатыр, – дейді құқық қорғау саласындағы қызметкер.

Осыған дейін Өзбекстанда мектеп жасына дейінгі мекемелер түнгі уақытта ересектердің көңіл көтеретін орындарына айналып келгені айтылған.

Abai.kz

2 пікір