Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Күбіртке 31293 49 пікір 28 Желтоқсан, 2017 сағат 11:20

Бекболатпен суретке түскен Әділбек Қытай түрмесінде қайтыс болды

Кешелі бері «Whatsapp» әлеуметтік желісінде Қытайда тұтқындалған қазақ азаматының қазасы туралы ақпарат тарады. Онда «Radio Free Asia» агеттігіне сілтеме жасалған екен. Біз аталған материалдың түпнұсқасына көз жүгірттік.

Сонымен мақалады не жазылған? Осы сұраққа нақты жауап беру үшін   ағылшын тілінде жазылған материалды қазақ тіліне аудара отырып, шолу жасағанды жөн көрдік.

«Әуелі, Қытай билігі Шыңжаңның солтүстік-батысындағы этникалық аз ұлттар – қазақтар мен ұйғырларды қудалауды жалғастырып жатыр» (Chinese authorities in the northwestern region of Xinjiang are continuing their wave of arrests of ethnic minority Kazakhs and Uyghurs, sources in the regional told RFA on Wednesday.) деп жазады «Radio Free Asia»  агенттігі.

Қытайда биыл өткен партия сьезінің қарсаңында басталған қарбалас әлі жалғасып жатқан көрінеді. «RFA» солай дейді.

Аталған дереккөзінің жазуына қарағанда, жергілікті полиция Қытайдың билеуші Коммунистік партиясына сын айтқан әрбір азаматтың, сондай-ақ, шетелмен байланысы бар, онда да туған-туыстары шетелде тұрып жатқан Қытай азаматтарының қыр соңына түскен.

Қандай да бір себеппен тұтқындалған азаматтардың дені тәрбиелеу мекемелеріне жөнелтілсе, кейбірі қылмыстық мотивпен абақтыға жабылған.

Ең сорақысы - түрмеге қамалған азаматтар зорлық-зымбылыққа ұшыраған. Тіпті, ұрып-соғудың соңы өлімге әкеліп соқтырған жағдайлар да болған.

Бекболат Тілеуханмен суретке түскендер тұтқындалып жатыр

«Тағы бір қазақтың Еркін Азия тілшісіне айтқан сзіне сүйенсек, Үрімші қаласындағы жеке кәсіпкер Әділбек Қасымбайұлы ноутбугінен ақау шығып, жөндетуге апарған. Ал дүкеннің қызметкері ноутбуктен көптеген бейнежазбалар мен фотолардың, соның ішінде қазақстандық заңшығарушының суреттері сақталғанын көріп, полицияға мәлімдеген (A second Kazakh source gave the example of Urumqi sole trader Adilbek Hasmubai, who was reported to police after he sent his computer to a repair shop and the shop assistant viewed photos and images of a Kazakhstan lawmaker stored on the hard drive, and reported him to police.)», деп жазылған жоғарыдағы ақпаратта.

Қазақстандық депутат Бекболат Тілеухан мырзаның Қытайға сапарлап, ондағы қазақ жастарымен кездесу ұйымдастырғаны жайлы осының алдында хабарлаған едік. Онда да Бекболат Қанайұлының ҚХР-ға нақты қай жылы жасаған сапары екені анық айтылмаған.

«32 жастағы Әділбек ноутбугін алуға барғанда, дүкенде күтіп тұрған полиция қызметкерлері оны тұтқындап әкеткен. Артынан Әділбектің бірнеше танысы да тұтқындалған. Оған себеп, Қазақстан Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханмен бірге түскен суреттердің ноутбукте сақталып қалғаны (Adilbek, 32, was taken away by police in Urumqi, and several of his friends and associates were later also detained, after his computer was found to contain images of them posing in photographs with Kazakhstan Mazhilis member Bekbolat Tleukhan, who has spoken out about China's treatment of Kazakhs.), дейді «RFA».

Сондай-ақ, Іле Қазақ Автономиялық округінің Тачэн қаласындағы іске байланысты 20 адам тұтқындалғаны белгілі болды. Оған қоса, жергілікті қазақ азаматтарының құжаттарын тәркілеу жұмыстары әлі күнге жалғасып жатыр.

Әділбек полиция қолынан қаза тапты

Ал кешелі-бері «Whatsapp» әлеуметтік желісі ақрылы Қытайда тұтқындалған Әділбек Қасымбайұлының полиция қолынан қаза тапқаны хабарланды.

«Бекболат Тілеуханмен суретке түскені үшін тұтқындалған Үрімжілік қазақты Қытай сақшылары түрмедe ұрып өлтірді» дейді «Radio Free Asia» агеттігінің қытай тіліндегі қызметі. (http://www.rfa.org/mandarin/yataibaodao/shaoshuminzu/ql2-12252017123207.html )

Үрімжілік қазақ саудагер Әділбек Қасымбайұлы тұтқындалып, 7 айдан соң түрмеде қайтыс болған. 24-желтоқсан күні үш полиция қызметкері Əділбектің мәйітін оның зайыбына тапсырып берген әрі мәйітті тездетіп жерлеуді бұйырған. Əділбектің жұбайы жолдасының өне бойы жарақаттанып, көгергенін, бет әлпетінің адам танығысыз күйге түскенін көрген.

Туыстары мәйітті анатомиялық сараптамадан өткізуді талап еткенде, полиция қысым жасап, қоқан-лоқы көрсеткен.

«Radio Free Asia» агеттігінің ағылшын және қытай тілдерінде таратқан ақпаратының ауаны - осы.

Аударған Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

49 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2251
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3505