Жұма, 26 Сәуір 2024
4615 0 пікір 28 Желтоқсан, 2017 сағат 10:09

Тәжікстан дауылды жел салдарын жоя алмай жатыр

26-нан 27 желтоқсанға қараған түні Худжанд пен Соғды облысының кейбір аудандарында болған қатты дауыл салдары әлі жойылған жоқ. Мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды.

Соғды облысы бойынша төтенше жағдайлар қызметі (ТЖҚ) тек бірқатар ауылдағы апаттан кейінгі жағдайды қалпына келтірген. Онда жарық берілген деп хабарлайды облыстық штабтың баспасөз хатшысы Шахзода Бутаева.

Оның сөздерінше, дауылды жел мен ылғал қар төрт станцияның апатқа ұшырауына себеп болған. Салдарынан тұрғындар жарықсыз қалған. Бірақ адам құрбаны болмаған.

Осыған дейін Худжанд орталығында орнатылған 16 метрлік жаңажылдық шыршаның құлағаны, үй, дүкен терезелері сынғаны хабарланған.

Мамандардың айтуынша, Соғды облысында мұндай қатты жел соңғы 40 жылда болмаған.

Abai.kz

0 пікір