Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Деп жатыр 7424 29 пікір 27 Желтоқсан, 2017 сағат 10:23

Бәденді бикеш Байзақова үш тәулікке қамауға алынды

Instagram жұлдызы Айжан Байзақова қамауға алынды, - деп хабарлайды Алматы ІІД баспасөз қызметі.

Алматы ішкі істер департаментінің өкілдері полицейлердің 22 жастағы қыздың ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартқанын хабарлады. Айта кетейік, таяуда қаладағы клубтардың бірінде қыздардың тыржалаңаш шешінген видеосы жарияланған еді.

"Алмалы аудандық ІІД жергілікті полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша іс материалдарын жинап, 1995 жылғы А.С.Байзақоваға қатысты қоғамдық жерде қоғамға қарсы конкурстар ұйымдастырып, былапыт сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартты. Байзақованың кінәсі толығымен дәлелденді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот үкіміне сәйкес ол үш күнге қамауға алынды", - деді Алматы ІІД өкілдері.

Қыз бала өз ісіне өкініш білдірген. Ол сот залында қамауға алынды. Әкімшілік қамау бойынша блогер жазасын Лобачевский көшесінде орналасқан арнайы қабылдау мекемесінде өтейтін болады.

Еске салайық, Алматының түнгі клубтарының бірінде ақша үшін қыз шешіндіргендердің оқиғасынан кейін бір топ жігіт видеоүндеу жариялаған еді.

Байзақова бикеш әлеуметтік желіде жалаңаштанып жүріп пиар жасаушы еді. Оның кейбір бейәдеп суреттері әлеужеліде ашық жария болды.

Abai.kz

29 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516