Жұма, 19 Сәуір 2024
3496 1 пікір 13 Желтоқсан, 2017 сағат 09:40

Ташкентте қырғыз-өзбек бизнес-форумы өтеді

Қырғызстан президентінің Өзбекстанға ресми сапары аясында 13 желтоқсанда Ташкентте қырғыз-өзбек бизнес-форумы өтеді. Бұл туралы 12 желтоқсанда брифингте қырғыз президенті аппаратының сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Айзада Субакожоева хабарлады.

Оның айтуынша, бұл форумға шамамен 100-гу жуық қырғыз кәсіпкері қатысады.

Жээнбековтің сапары қарсаңында Жогорку Кенештің экономикалық саясат жөніндегі комитеті Ыстықкөл жағалауындағы төрт пансионатты Өзбекстанға қайтару келісімді мақұлдады.

«Рохат-НБУ», «Алтын Кум», «Дилором» және «Бустон» пансионаттарын қырғыз үкіметі 2016 жылы өз меншігіне алған еді.

Abai.kz

1 пікір