Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 4092 0 пікір 24 Қараша, 2017 сағат 15:36

Елбасының "Рухани жаңғыруға» қатысты мақаласы бірқатар гуманитарлық мәселелерді дер кезінде көтеріп отыр

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бірқатар гуманитарлық мәселелерді дер кезінде көтеріп отыр.

Рухани жаңғыру дегеніміз тарихи тұрғыдан алғанда кез-келген модернизациялық процестің бастауында тұратын, кертартпа һәм тиімсіз сана болмысын күмәнға салып, керек болса раблеше әжуалап, оны сергітуге бағытталған гуманитарлық һәм ұлттық жоба. Батыс Еуропа ұлты мұндай жаңғыруды Қайта өрлеу дәуірінен бастады. ХV ғасырдың әйгілі скульптуры Микеланджеломен қашалған адамның жалаңаш мүсіндері («Давид», «Бостандықтағы құл» және т.б.) – «адамның – Адам» екендігін, өз алдына дербес гуманитарлық құндылық бола алатындығын паш етті. Тегеурінді өнер идеясы – көркем әдебиет образына, одан – құқық танымға ұласып, нәтижесінде «Адам мен азаматтың құқықтары туралы Декларация» жарияланды (1789 ж., Франция). Орайы келіп тұрғанда айта кетуіміз керек,  италиандықтар өнерде ғана алға шығып қойған жоқ, ХV ғасырға тиесілі әлем ғалымдарының тең жартысы осы ұлт өкілдерінен еді.  Бұл модернизациямен қатар «егіздің сыңарындай» дамитын басты феноменнің бірі – ғылым екендігін көрсетеді деп есептейміз. Түптеп келгенде рухани жаңғыру – гуманитарлық идеядан бастау алып, сана болмысында тергеуден өтетін, содан кейін барып қана қоғам өмірінің өзге қабаттарына жан бітіріп, әлеуметтік өмірдің шындығына ұласатын ментальды құбылыс.  Бір ғана адам образының сана сүзгісінен қайыра өтуі – Еуропа ұлтын өнеркәсіптік төңкерістерге бастап, М.Вебердің тілімен айтқанда мәдени капитализмге алып келді. Сол себептен де Елбасы мақаласында көтеріліп отырған сұрақтар отандық гуманитарлық ғылым мен шығармашылық ойдың өзегіне айналып, ондағы адамның бейнесі қандай болмақ керектігі туралы идеялар мен көзқарастар жүйесі таным елегінен жүйелі түрде өтуі тиіс. «Ағымдағы қазіргі заман» (белгілі социолог З.Бауман, Э.Гидденстің анықтамасы) адамымен қатар, қазақстандық ерекшелікке негізделген адам образын қалыптастыру, ойдың тезінен өткізіп, тұлғасын сомдау, оның практикалық мүмкіндіктері мен құндылықтарын көрсету, бостандықтарын шырамыту – түптеп келгенде болашақ ұрпақтың тағдырын анықтаумен пара-пар жауапкершілікмәселесі. Мұндай жауапкершілік барша қазақстандықтарды топтастыратын ортақ рухани құндылықсыз жүзеге асуы мүмкін де емес.

Сондықтанда, Елбасы мақаласындағы қазақстандық «рухани жаңғыру», кемінде өзара байланысты, бірін-бірі болжайтын келесідей төрт сұрақтың қисынын қамтиды деп есептейміз. Біріншіден – жалпықазақстандық азаматтық қоғам орнату мұраты түбінде жетуіміз керек айнымас мақсатымыз болуы тиіс. Екіншіден, жалпықазақстандық азаматтық қоғамды мемлекеттік тіл факторы негізінде құру мәселесі. Үшіншісі, жалпықазақстандық азаматтық қоғамды құруда мемлекеттік тілдің интеллектуалды әлеуетінің жетіп-артылатын болуы және соған жағдай туғызу мәселелері. Төртіншіден, жалпықазақстандық азаматтық қоғамның «Мәңгілік ел» аталатын өркениеттік құбылысқа ұласуы үшін мемлекеттік тілде төл философиялық жүйені қалыптастыру міндеті.

2012 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстандық жол: тұрақтылық, бірлік, жаңғыру» атты жасаған баяндамасында «Қазақ халқы мен мемлекеттік тіл - дамып келе жатқан қазақстандық азаматтық қоғамды біріктіруші ядро ретінде ықпал ететін болады. Бұл үдеріс объективті түрде жүргізілуде» деді.

Жалпықазақстандық азаматтық қоғам орнату мемлекеттің саяси басшылығының ғана емес, ол сонымен бірге бүкіл қазақстандықтардың ортақ арманы, азаматтық өремен таңдалған жолы болуы тиіс.

Бұл ретте, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев көрсетіп бергендей, мемлекеттік тіл – қазақстандықтарды ұйытушы бірден бір факторға шынайы айналуы қажет. Онсыз, азаматтық ұлтты – қазақстандықтарды қоғамдық санада орнықтыру мүмкін емес. Бұл жоғарыда айтып кеткеніміздей дамудың тарихи сығымдалмаған һәм эволюциялық жолы. Мемлекеттілік пен мемлекет ұғымдарын «Мәңгілік Ел» идеясы арқылы біте-қайнасқан мәндерге айналдырудың табиғи тетігі. Қазақстанның оқыс өзгерістерге бой алдырмай, сондай-ақ тамырын тәуелсіздіктің мұраттарынан тартатын басты жолынан да көз жазбай, елдің әлеуметтік-мәдени ерекшелігін, саяси ахуалын ескере отырып, азаматтық қоғам идеяларын кезең-кезеңімен, біртіндеп бекітуге кірісуі – мемлекеттілігіміздің баянды дамуының басты кепілі.

Қазыбек Дәуітәлиев

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3564