Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
4754 10 пікір 8 Желтоқсан, 2017 сағат 09:28

Иерусалимге қатысты АҚШ шешімінен кейін Израильде қақтығыс басталды: 30 адам жараланды

АҚШ Израиль астанасы ретінде Иерусалимді мойындағаннан кейін, палестиндықтардың жаппай қарсылық шарасы басталды. Демонстарция сонымен бірге Хеврон, Вифлеем және Иордан өзеніндегі Батыс жағалауында да өтіп жатыр. Израиль полициясы бұл аймақтарға қосымша әскерін жіберіп жатыр.

Палестиндықтар Израиль полициясына қарсы тас лақтырып жатыр. Полиция жауап ретінде көзден жас ағызатын газ, резінке оқтар қолданып жатыр. Reuters агенттігінің мәлімдеуінше, тәртіпсіздік кезінде 30-дан астам адам жараланды.

Палестиндықтар бейсенбі күні наразылық акциясын жариялады. Көптеген мектептер мен дүкендер жабылды. ХАМАС радикалды тобының лидері Исмаил Хания Палестина халқын жаппай көтеріліске шақырды. Ол жұма күнін "басып алуға қарсы көтеріліс күні" деп жариялады.

6 желтоқсанда АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіруді бұйырған. Трамп шешімі араб елдердің сынына қалды. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Иерусалимге қатысты ұстанымын жұма күні талқылайды. Трамп болса, өзінің шешімін "шындықты айту" деді.

1995 жылы АҚШ Конгресі Израильдегі Америка елшілігін Иерусалимге көшіру туралы заң қабылдаған. Бірақ қаланың мәртебесіне байланысты жанжалдан кейін дипмиссия Тель-Авивте қалған. Таяу уақытқа дейін Вашингтон 1948 жылы британ мандатының аяқталуынан кейін Иерусалим ешбір елге қарамайды. Оның мәртебесі тек бейбіт келісімнен кейін шешіледі деп келген.

Abai.kz

10 пікір