Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
4029 0 пікір 8 Желтоқсан, 2017 сағат 09:26

Тәжікстанда адвокаттар халыққа бір күн тегін құқықтық көмек көрсететін болды

Тәжікстанның Адвокаттар одағының мүшесі Абдукаюм Юсупов әлеуметтік желілер арқылы әріптестері мен құқық қорғау ұйымдарын 8 желтоқсанда халыққа тегін құқықтық көмек көрсетуге шақырды.

«Көптеген тұрғындар, әсіресе, жалақысы төмен адамдар заңдық кеңес алуға шамалары жетпейді. Сондықтан да, мен әріптестерімді мұқтаж адамдарға көмектесуге шақырамын», - деді адвокат 7 желтоқсанда. Оның сөздерінше, егер жұма күні әрбір адвокат екі адамға тегін көмек берсе, елде мыңнан астам адам тегін заңдық көмек алар еді.

Көптеген адвокаттар мен құқық қорғау үйымдары бұл үндеуді қолдады.

Тәжікстан Социал-демократиялық партиясының төрағасы Рахматилло Зоиров «Көптеген адамдар өздерінің құқықтарын ақшаның болмауынан қорғай алмайды. Яғни, білікті адвокат жалдай алмайды. Мен өз басым күніне бір адамға тегін көмек беремін. Мен Юсуповтың үндеуін қолдаймын. Бұл бастаманы адвокаттар аптасына, не айына бір рет жүргізсе жақсы болушы еді», - дейді Рахматилло Зоиров.

10 желтоқсан БҰҰ шешімімен Адам құқықтары күні деп жарияланған.

Abai.kz

0 пікір