Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 8379 0 пікір 25 Тамыз, 2017 сағат 18:36

3D форматтағы "Қажымұқан" анимациялық фильмі түсірілді

Қазыналы Оңтүстікте  3D форматтағы "Қажымұқан" анимациялық фильмі түсірілді ,- деп хабарлайды "Abai.kz" ақпараттық порталы.

Қазіргі таңда "Қажымұқан" анимациялық фильмінің дайындық жұмыстары аяқталып қалды дейді фильм авторлары.

"Қажымұқан" фильмі қазақтың батыры Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы болмақ.

Оңтүстіктегі аниматорлар жыл соңына дейін тағы үш  мультфильмнің түсіруді жоспарлап отыр екен.  Олар: "Отырар қорғаны", "Қасиетті Қазығұрт" және "Көне жетігеннің сыры" деп аталатын туындылар. Аталған мультфильмдер де 3D форматта көрерменге жол тартады.

Ал «Қасиетті Қазығұрт» мультфильмінде қыпшақтар туралы аңыз баяндалады. Ал «Көне жетігеннің сыры» мультфильмінде жастар құрылыс жұмыстары барысында бейтаныс аспапты табады. Сол аспаптың сырын ашу - фильмнің басты мақсаты болады.

Анимациялық фильмдер 2018 жылдың басынан бастап отандық кинопрокатқа жол тартады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1572
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2267
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3568