Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3425 0 пікір 26 Маусым, 2017 сағат 14:33

Жексенбілік мектептерде қазақ тілін оқытуға арналған республикалық семинар өтеді

"Abai.kz" ақпараттық порталы өткенде Этномәдени орталықтар жанына ашылған тегін тіл үйрену курстары жайлы жазған болатын. Онда Жексенбілік мектептердің маңыздылығы жөнінде де айтылды.

Жақында «Жексенбілік мектептерде  қазақ тілі мен ұлттық (ана) тілдерді жеделдете оқытудағы  әдіс, тәжірибе, инновация»  атты республикалық семинар-тренинг ұйымдастырылмақ. Шараның бастамашысы болып отырған  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті.

Семинардың  мақсаты – этномәдени орталықтар жанындағы жексенбілік мектептерде қазақ және ана тілдерін оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені  зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу.

Семинарға  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі  Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің, Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының қызметкерлері, әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, жексенбілік мектеп оқытушылары қатысады.

Семинар барысында әдіскер-ғалымдар тілдерді оқытудың тиімді технологиялары мен әдіс-тәсілдерімен бөліседі. Жексенбілік мектеп оқытушылары мен республикаға белгілі  үздік әдіскерлер панорамалық және шеберлік сабақтарын көрсетеді.

Өтетін уақыты: 2017 жылдың 29-маусымы.

Өтетін орныӨскемен қаласыХалықтар достығы көшесі, 6 үй   «Эдельвейс»  конференция залы

Abai.kz

0 пікір