Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
3732 6 пікір 4 Желтоқсан, 2017 сағат 10:09

Киевте президент Порошенкоға "импичмент маршы" өтті

Грузияның бұрынғы президенті, "Жаңа күштер рухы" лидері Михаил Саакашвили кезекті рет жақтастарын көшеге шығарып, Украина астанасында марш өткізді. Президент Петр Порошенконың отставкасын талап еткен "Халықтық импичмент" акциясына үш мыңнан бес мыңға дейін демонстрант қатысқан.

Қатысушылар революцияға төрт жыл өтсе де, елде ешнәрсе өзгермеді дейді.

Екі ай бойы парламент ғимараты алдында шатыр тігіп, депутаттың дербес құқықтылығын алып тастауды, коррупцияға қарсы сот және жаңа сайлау жүйесін құруды талап етіп жатқан белсенділер тағы бір талапты қосты. Ол - "Украина президенті Петр Порошенконың импичменті жөнінде" заң қабылдау.

Саакашвили Порошенко Бас прокуратураға және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне өзін ұстау жөнінде тапсырма берілгенін айтады. 30 қарашада Украинаның мемлекеттік миграция қызметі Саакашвилиге елде болуға 2018 жылдың 1 наурызына дейін рұқсат берген. Бірақ ол кез келген уақытта өзін Грузияға немесе Польшаға депортациялау мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Abai.kz

6 пікір