Сенбі, 20 Сәуір 2024
3732 0 пікір 4 Желтоқсан, 2017 сағат 10:08

Тәжікстанда милиция ғимаратында болған жарылыстан тергеуші қаза тапты

Тәжікстанның Қорған-Төбе қаласының милиция ғимаратында жарылыс болып, бір тергеуші қаза тапқан. Тағы біреуі жараланған. Жарылыс 1 желтоқсанда кешкісін орын алды деп хабарлайды Хатлон облысы ішкі істер басқармасының дереккөзі.

Қаза тапқан тергеушінің аты-жөні - капитан Мухиддин Зохидзода. Ал жарақат алған адам ауруханада жатыр.

Дереккөздің хабарлауынша, жарылыстың қатты болғаны соншалық, милиция ғимаратының шатыры зақымданған.

Тәжікстан ІІМ баспасөз хатшысы Умарджон Эмомали болған жарылысты растады. "Бір адам қаза тапты. Жарылыстың себебі тексеріліп жатыр", - деп мәлімдеді ол.

Ал дереккөздің хабарлауынша, марқұм капитан Зохидзода жарылғыш заттарды тіркеуден өтізіп жатқан кезде, жарылыс орын алған.

Abai.kz

0 пікір