Жұма, 29 Наурыз 2024
Арандату 4881 37 пікір 29 Қараша, 2017 сағат 08:25

Алматыда «қарулы джихадқа» шақырғандар кімдер?

 

27 қарашада Алматы қаласының Ішкі істер департаментімен ҚР ҚК-нің 256-бабының 1-бөлігінде қарастырылған (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген қылмыстық іс аясында бір топ адам ұсталды.

Топ жетекшілері – А.Жұмағұлов, О.Омыров және К.Әбішевтерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы туралы шешім қабылданды.

Тергеу болжамы бойынша, аталған тұлғалар тіркелмеген қоғамдық ұйым атауын жамылып, Алматыда қоғамдық тәртіпті бұзуға, халықты үрейлендіруге, сондай-ақ құқыққорғау органдарының  жұмысына іріткі салуға бағытталған акция әзірлеген.

Өздерінің қылмыстық жоспарларын іске асыру үшін күдіктілер үгіт-насихат материалдарын дайындап, «қарулы джихад» құруға шақырған бейнеүндеу жазған.

Өзінің анонимді бейнехабарламасында бетперде киген азаматтар, Қазақстанда тыйым салынған «Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік партиясының символикасы мен қаруларды қолға алған күйі жаппай құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасауға шақырған.

Ұсталғандардың мекен-жайын тінту кезінде аталмыш ролик, электронды ақпарат тасығыштар, сондай-ақ діни әдебиеттер тәркіленіп, тергеу материалдарына тіркелді. Олар бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бұдан басқа, күдіктілер өзіне сыбайластар жинап, өз іс-әрекеттерінің жазасыздығын қамтамасыз ету үшін анонимді қоңыраулар шалып, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне зәбір көрсету туралы қоқан-лоққы көрсетілген бейнероликтер жіберіп, акциялар өткізуді жоспарлаған.

Тергеу болжамдарының бірі бойынша, аталмыш топ қазақстандық сот төрелігінен шетелде жасырынып жүрген қылмыстық элементтердің нұсқауы бойынша әрекет етіп отырған

Қазіргі таңда Жұмағұлов, Омыров және Әбішев Алматы қаласының ІІД тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу аясында қылмыстық топтың басқа да қатысушыларына қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселелер шешілуде. Істің мән-жайын анықтауға арналған тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.

 Гүлнар Жаманқұлова

Abai.kz

37 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3534