Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
3793 0 пікір 27 Қараша, 2017 сағат 10:14

Қырғызстан мешіттерінде жол қауіпсіздігі жөнінде уағыз айтыла бастады

Қырғызстан мешіттерінде имамдар мен діни лидерлер жол қауіпсіздігі жөнінде уағыз айта бастады. Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, мұндай бұйрықты 23 қарашада бас мүфти Мақсат қажы Токтомушев шығарған.

Бұл құжатқа сәйкес, діни қызметкерлер мешітке намаз оқуға келген адамдарға жол қауіпсіздігі жөнінде, адам өмірінің бәрінен қымбат екені жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Ресми мәліметке қарағанда, Қырғыз республикасында жыл басынан бері бес мың жол апаты орын алған. Одан 700 адам қаза тапқан. Ал зардап шеккендер саны 8 мыңға жуық.

10 қарашада премьер-министр Сапар Исаков Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде бас басқарма құрды. 13 қарашада үкімет отырысы кезінде ол жол қауіпсіздігі реформасы өте баяу жүріп жатқанын сынға алған.

Abai.kz

0 пікір