Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4909 0 пікір 26 Қараша, 2017 сағат 21:02

СҚО әкiмi бюджеттен жаңажылдық безендiруге қаржы бөлдірмейтін болды

Жаңа 2018 жыл жақындап келедi. Жуық арада бұл мерекеге дайындық басталады. Жыл сайын Петропавлда жаңажылдық безендiруге бюджеттен ақша бөлiнiп келдi. Облыстық әкiмдiктiң отырысында өңiр басшысы Құмар Ақсақалов қала басшылығына бұл мақсатқа қаржы бөлмеудi тапсырды деп хабарлайды http://sko.gov.kz сайты. 

«Қалада былтырғы шыршалар, иллюминациялар мен гирляндтар бар. Соларды қолдану керек. Мұз қалашықтарын демеушiлердiң көмегiмен салуға болады. Бiзге бюджеттiк қаражатты жұмсау тәжiрибесiн тоқтатқан жөн», — деп атап өттi Құмар Ақсақалов.

Облыс әкiмiнiң айтуынша, үнемделген қаржы қаланы абаттандыруға бағытталу қажет.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530