Жұма, 19 Сәуір 2024
5012 4 пікір 24 Қараша, 2017 сағат 12:50

Төрелік сот Астанамен соттасқан түрік компаниясына 22 миллион өндіріп беру туралы үкім шығарды

ITAR-TASS: MAKHACHKALA, RUSSIA. SEPTEMBER 24, 2012. Cranes in the Commercial Sea Port of Makhachkala. (Photo ITAR-TASS/ Dmitry Rogulin) Россия. Махачкала. Вид на морской порт города. Фото ИТАР-ТАСС/ Дмитрий Рогулин

Төрелік сот түрік компаниясына 22,7 миллион доллар өтемақыны Қазақстаннан өндіріп алуға шешім шығарды, деп хабарлады Қазақстанның әділет министрлігі.

Aktau Petrol Ticaret A.S. компаниясына қатысты төрелік сот шешімі 13 қарашада шықты. Сот салынған инвестиицияның барлығын дерлік қайтарып беруін талап етіп отыр. Бұл іске қатысты тыңдаулар биыл Париж қаласында өткен.

2015 жылы Aktau Petrol Ticaret A.S. және Som Petrol A.S. түрік компаниялары Инвестициялық дауларды реттеуге арналған Халықаралық орталыққа (ICSID) Қазақстан үстінен шағым түсірді. "Түрік компаниялары Қазақстанның Ақтау портында мұнай өнімін тасуға қатысты қызметтер атқарған. Олар мемлекеттік және сот органдарының әрекетіне қатысты шығынды өндіріп беруін соттан өтінген", - деп хабарлады Қазақстанның әділет министрлігі.

Ресми хабарлама бойынша, төрелік жанжал қазақстандық компаниялардың Aktau Petrol компаниясына қатысты сот шағымдарынан соң шыққан. Кейін түрік компаниясы 150 миллион доллар шығынды талап еткен.

«Соттың алғашқы кезеңінде шығын көлемін 80 миллион долларға дейін түсіру мүмкін болды. Ал Som Petrol A.S. компаниясы республикаға арызын қайтарып алған», — деп хабарлады министрлік.

Сот Aktau Petrol Ticaret A.S. түрік компаниясының "қазақстандық сот органдарының жемқорлығы туралы" уәждерін қабылдамай тастаған.

Abai.kz

4 пікір