Сенбі, 20 Сәуір 2024
Билік 3699 0 пікір 24 Қазан, 2017 сағат 18:16

Алматы облысында жыл басынан бері қысқамерзімді кәсіптік оқытумен 6803 адам қамтылды

Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында көрсетілген бірінші басымдықтың үшінші кешенді міндеті – еңбек нарығын жаңғырту. Алматы облысы Елбасының Жолдауында айтылған мәселелерге жіті мән беріп, халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды жаппай кәсіпкерлікке ынталандыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, 2017 жылдан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» жүзеге асырыла бастады. Бағдарлама еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті, дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесін және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. 2017–2021 жылдарға арналған аталмыш бағдарламаның жүзеге асырылуы облыстағы 9 ай қорытындысы бойынша нәтижелі. 

2017 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының» үш бағыты бойынша 8593, 5 млн. теңге  бөлінді (РБ 4031,4 млн. теңге, ЖБ – 4562, 0 млн. теңге). Ағымдағы жылдың 1-қазанына 5607, 2 млн. теңге игерілді (жылдық жоспарға 65,2%).

Бағдарлама аясында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға, жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес дуалды оқытуды қолдана отырып, қысқамерзімді кәсіптік оқытудан өтуге мүмкіндік беріледі. Тегін кәсіптік оқытумен мектептердің түлектері, ҰБТ тапсыра алмаған, оқу орындарына түспегендер, орта жастағы адамдар қамтылатын болады. Қысқамерзімді кәсіптік оқытудың қатысушылары 29 жасқа дейінгі жастағы жастар мен жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 8350 адамға кәсіптік оқытуға 1572,5 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде:

1) тегін кәсіптік және техникалық білім берумен орта жастағы (15-24 жастағы) жастар қатарынан 1535 адамды оқытуға – 308,4 млн. теңге;

2) еңбек нарығындағы қажетті мамандықтарға жұмыс берушілердің сұранысы бойынша қысқамерзімді кәсіптік оқытуға 6815 адамға – 1264,1 млн. теңге жұмсалмақ.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан 1535 адам тегін кәсіптік және техникалық білім беру бойынша оқуға жіберілді. Олар қазіргі таңда қалаған мамандықтары бойынша білім алуда.

Жыл басынан бері қысқамерзімді кәсіптік оқытумен 6803 адам қамтылды. Оқуын аяқтаған 3588 азаматтың 2930-ы (81,7 %) тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бұл облыстағы жұмыссыздық деңгейінің азаюына біршама ықпал етуде.

Биыл облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып өңірдегі кәсіпорындардың оқыту орталықтарында қысқамерзімдік оқыту ұйымдастырылуда. Барлығы 5 оқыту орталығы анықталды. (ТАТЭК, «Қайнар АКБ», Кнауф Гипс Қапшағай, «Байсерке Агро», «Байтұрғанова» ЖК). Аталған 3 орталықта барлығы 154 адам қажетті мамандықтар бойынша оқуын жалғастырып жатыр. Оның ішінде Кербұлақ ауданы мен Талдықорған қаласынан «ТАТЭК» АҚ-на электрик мамандығы бойынша 22 адам және «Қайнар АКБ» жеке шаруа серіктігінде аккумуляторщик мамандығы бойынша 6 адам, Ақсу, Алакөл, Қаратал, Кербұлақ аудандары мен Талдықорған қаласынан «Байтұрғанова» ЖК-не визажист, шаштараз және тағы да басқа мамандықтар бойынша 111 адам, ал «Байсерке Агро» ЖШС-де ветеринар мамандығын 15 адам игеруде.

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасалатын болады. Аталған бағытқа 2017 жылы 1920 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, оларға 5321,7 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда шағын несие беру жұмыстары басталды. Бүгінде 788 адамның жалпы сомасы 3543,9 млн. теңгені құрайтын құжаттары мақұлданып, 738 адамға 3313,7 млн. теңге шағын несие берілді. Оның ішінде «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 552 адамға жалпы сомасы 2019,3 млн. теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 186 адамның жалпы сомасы 1294,4 млн. теңге. Шағын несиені кепілдендіруге 402,5 млн. теңге бөлінді (ауылдық жерлерде – 335,3 млн. теңгені құраса, қалалы жерде 67,2 млн. теңге).

Ауыл тұрғындарының жобаларын кепілдендіру жұмыстары өз нәтижесін беріп келеді. Бүгінгі күнге жалпы сомасы 44,4 млн. теңгені құрайтын 10 жоба мақұлданып, 31, 4 млн. теңгені құрайтын 7 жобаның жұмыстарына кепілдендіру қаражаты берілді.              Талдықорған және Текелі қалалары бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-мен 892,2 млн. теңгеге және сәйкесінше 67, 2 млн. теңге келісімшартқа қол қойылды.

«Кәсіпкерлікті дамыту «Даму» қоры АҚ мен  екінші   деңгейлі       5 банктер («Сбербанк» АҚ – 400,2 млн. теңге, «Нұрбанк» АҚ – 300,0 млн. теңге, «Банк Центр кредит» АҚ – 100,0 млн. теңге, «Қазақстан Халық Банк» АҚ –100 млн. теңге, «Форте банк» АҚ – 160,0 млн. теңге) арасында келісімшарттарға қол қойылып, қаражат екінші деңгейлі банктердің есепшоттарына аударылды. Қалған 490,0 млн. теңгені «Сбербанк» АҚ-ы мен «Форте банк» АҚ-на бөліп беру жоспарлануда. Қазіргі таңда 72, 5 млн. теңгені құрайтын 6 жоба мақұлданып, «Сбербанк» АҚ арқылы Талдықорған қаласынан жалпы сомасы 18,0 млн. теңгені құрайтын 1 жобаға шағын несие берілді.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша пилоттық режимде 7 ауданда кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізілуде. Кәсіпкерлік негіздеріне 1326 адам оқытылып, 991 адам оқуын аяқтап, сертификаттар алып шықты. Оның ішінде 166 адам шағын несие алды. Шағын несие алған адамдар 562 жұмыс орындарын құрды.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 1699,2 млн. теңге бөлінді. Аталған бағыт шеңберінде қоғамдық жұмыс орындарына – 8382 адам, әлеуметтік жұмыс орындарын – 1161 адам (100,5%), жастар практикасына – 1355 (109,9%) түлек жіберілді.

Сонымен қатар, бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлердегі диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады. Бағдарламаға қатысушыларды ерікті түрде қоныстандыру жұмыс күші көп облыстардан  жұмыс күші тапшы облыстарға жүзеге асырылады. Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары кейінгі 10 жылда облыстағы халық саны жыл сайын 2 %-ға артық өсетін немесе халқының тығыздығы шаршы метрге 6,4 артық адамды құрайтын шығу өңірлері деп айқындалған.

Осыған байланысты, 2017 жылдың 10-11 шілде күндері Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында, 28-29 тамыз күндері Талдықорған қаласында Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының жұмыс берушілердің қатысуымен өңіраралық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Аталған жәрмеңкеге 1053 адам қатысты. Нәтижесінде барлығы 302 адам Солтүстік-шығыс өңірлеріне қоныс аударуға ниет білдірді. Оның ішінде Павлодар облысына – 207 адам, Шығыс Қазақстан  облысына – 69, Қостанай облысына – 4, Солтүстік Қазақстан облысына – 22.

2017 жылдың басынан облыс бойынша жалпы құрамы 342 адамнан тұратын 98 отбасы бүгінгі күнде ерікті түрде қоныс аударып үлгерді. 34 шаңырақтағы 158 адам  Солтүстік Қазақстан облысына,      5 отбасынан 19 адам Павлодар облысына, Қостанай облысына          3 отбасынан 11 жан және 56 отбасының 154 жаны Шығыс Қазақстан облысына қоныс аударды. Бүгінде жоғары аталған отбасылардың жұмысқа қабілетті 70 отбасы мүшелері жұмыспен қамтылды (Қостанай облысында – 3 отбасы (3 адам), Солтүстік Қазақстан облысында – 34 отбасы (14 адам), Павлодар облысында – 5 отбасы  (5 адам), Шығыс Қазақстан облысында – 56 отбасы (48 адам).

Бүгінгі күні жоспарға сәйкес мерзімде атқарылған қала, аудан, ауылдық округтердегі жұмыстың нәтижесі көпшілікті қуантуда. Оған қарапайым халықтың айтқан алғыстары дәлел. Алдағы уақытта жемісті жұмыс жасап, жоғарыда аталған көрсеткіштер деңгейін жоғарылатып, облыстағы жұмыссыздар санының азаюына барынша үлес қосатын боламыз.

Зайда Ілімжанова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

Abai.kz

0 пікір