Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Біздің шенеунік 7178 32 пікір 17 Қараша, 2017 сағат 12:25

Үкімет мүшесі Парижден 65 миллион еуроға пәтер сатып алған

Қазақстан Үкіметінің өкілі, белгісіз шенеунік Парижден 65 миллион еуроға элиталы пәтер сатып алғаны туралы ақпарат тарады. Бұл Франция астанасында осы жылы сатылған ең қымбат үй екені айтылып жатыр.

Пәтер Париждегі әйгілі Елисей алаңына жақын жерде, бай-манаптар тұратын ауданда орналасқан. Аумағы - 1200 шаршы метр. 5 жатын бөлмесі, спа-аймақ, қызметшілер мен күзетке арналған бөлек орындар қарастырылған. Терезелерінен оқ өтпейді, және бас сауғалайтын арнайы жер де бар.

Жылжымайтын мүлік бұған дейін ресейлік олигархқа тиесілі болған. Ал, ҚР Үкіметіндегілер әзірше 65 миллион еуро тұратын пәтерді кімнің сатып алғанын айта алмай отыр.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов кеше журналистерге қоластындағы қызметкерлерін міндетті түрде тексеретінін айтты.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

32 пікір