Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 107775. Жазылғандар — 102736. Қайтыс болғандар — 1699
Біздің шенеунік 4846 9 пікір 16 Қараша, 2017 сағат 13:50

Дариға Назарбаева жаңа қызметке тағайындалды

Dariga Nazarbayeva, daughter of Kazakhstan’s President Nursultan Nazarbayev and the country's Deputy Prime Minister, attends celebrations to mark Kazakhstan People's Unity Day in Almaty, Kazakhstan, May 1, 2016. REUTERS/Shamil Zhumatov

Дариға Назарбаева жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Abai.kz ақпараттық порталы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева ҚР Сыртқы істер министрлігі қызметінің мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің жаңа төрайымы болып сайланған.

"Дариға Назарбаева осы лауазымда Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімованы ауыстырып, Б.Әйтімоваға Кеңесті басқара отырып атқарған жұмысы үшін алғыс білдірілді. Өзінің кіріспе сөзінде Дариға Назарбаева осы саладағы заманауи талаптар мен жаһандық трендтерге жауап беретін сыртқы саяси ведомство мен азаматтық қоғамның тікелей байланысын қамтамасыз ету Қоғамдық кеңестің басты міндеті болып қалатынын атап өтті", - деді СІМ баспасөз қызметіндегілер.

Ведомство басшысы басты тақырыптары Орталық Азия және Ауғанстан бойынша қарарды ілгерілету, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері болып табылатын 2018 жылдың қаңтардағы БҰҰ ҚК-дегі Қазақстан төрағалығына дайындығы туралы хабарлады.

Сондай-ақ, биыл 25-жылдығы атап өтілетін Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің нығайтуы мен дамуына қосқан үлесі үшін Дариға Назарбаеваға тиісті мерейтойлық медаль табыс етілді.

Abai.kz

9 пікір