Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
4081 0 пікір 30 Қазан, 2017 сағат 09:04

Ирак Күрдістаны басшысы Барзани қызметінен кетпек

epa06224691 Masoud Barzani President of the Iraqi Kurdistan Region speaks to International journalists during a press Conference in Erbil on preparing for the referendum and supporting independence in the upcoming 25 September 2017 referendum, in Erbil, Kurdistan Region of Iraq, 24 September 2017. The Kurdistan region is an autonomous region in northern Iraq since 1991, with an estimated population of 5.3 million people. The region share borders with Turkey, Iran, and Syria, all of which have large Kurdish minorities. On 25 September the Kurdistan region holds a referendum for independence and the creation of the state of Kurdistan amidst divided international support. EPA-EFE/GAILAN HAJI

Ирактың Күрдістан автономиялық аймағының басшысы Масуд Барзани президенттік өкілетін ұзартпайды. 2005 жылдан бері осы қызметте отырған Барзани өкілетін аймақ парламенті мен үкіметке бөліп беру туралы жоспарын сенбі күні Күрдістан автономиясы парламентіне тапсырған. Парламент құжатты бүгін қарамақшы.

Автономиялық аймақта 1 қарашада президент сайлауы өтеді деп жоспарланған еді. Бірақ, аймақтағы жағдай күрт шиеленісіп кетуіне байланысты өткен аптада сайлау белгісіз мерзімге дейін кейінге шегерілетіні туралы хабарланған.

Бұған дейін оппозициялық партия Барзаниді отставкаға кетуге шақырған. Саяси оппоненттері оны Киркук провинциясындағы мұнайға бай аудандарға ие бола алмады деп айыптаған. Аталған аудандар қазір үкімет әскерінің бақылауында.

Күрдістан автономиялық аймағының билігі Ирак үкіметінің қарсылығына қарамастан биыл 25 қыркүйекте тәуеліздік туралы референдум өткізгеннен кейін, оған жауап ретінде Ирак армиясы Бағдадты қолдайтын шиит құрылымдарының қолдауымен Киркуктен күрд жасақтарын ығыстыра бастаған.

25 қыркүйектегі дауыс беру нәтижесі бойынша, оған қатысқандардың 93 пайыздан астамы Күрдістан аймағының Ирактан тәуелсіз болғанын қалайтындарын білдірген.

Киркук Күрдістан автономиясының құрамына кірмейді, алайда сол провиницияда тұратындар да референдумге қатысқан.

Бағдад Күрдістан автономиясында өткен референдум - заңсыз деп мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530