Жұма, 29 Наурыз 2024
4189 3 пікір 30 Қазан, 2017 сағат 09:00

Түркімен президентінің ұлы атасының атындағы медальмен марапатталды

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің әкесі Мәлікгулы Бердімұхамедов атындағы медальмен марапатталғандар арасында президенттің ұлы Сердар Бердімұхамедов те бар. Бұл туралы жергілікті баспасөз хабарлады.

Күш құрылымдарының өзге қызметкерлерімен бірге "Отанға сіңірген еңбегі үшін" майор Сердар Бердімұхамедовке де медаль табыс етілген.

Хабарларға қарағанда, ТДХ мемлекеттік ақпарат агенттігі награда алғандар тізімінде Сердар Бердімұхамедовтің аты-жөнін көрсетпеген. "Фергана" ақпарат агенттігі Сердар Бердімұхамедов – Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің жалғыз ұлы екенін жазған. Бейресми деректерге қарағанда, ол әкесінің мұрагері болуға дайындалып жүр. Азаттықтың Түркімен қызметі (Азатлык радиосы) президент ұлының саяси белсенділігі де дәл осыны байқатады дейді. Азатлык түркімен мемлекеттік баспасөз құралдарында Сердардың республика қайраткерлерімен кездесуі туралы кеңейтілген хабарлар берілетіндігіне назар аударады.

Сердар Бердімұхамедов Ресей сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясында оқыған. Оны тәмамдағаннан кейін Түркіменстан президенті жанындағы көмірсутек ресурстарын пайдалану және басқару жөніндегі мемлекеттік агенттіктің басшылығында жұмыс істеген деп жазады агенттік. Сонымен бірге ол Ахал уәлаяты прокурорының көмекшісі, сыртқы істер министрлігі департаментінің басшысы болған, Түркіменстан парламентінің депутаты болып сайланған.

Түркіменстанда президенттің әкесі Мәлікгулы Бердімұхамедов атындағы медаль биыл тамызда жаңадан тағайындалған. Бүгінде 85 жасқа келген бұл адам еңбек жолын бастауыш мектеп мұғалімі болып бастап, кейін СССР ішкі істер министрлігіне қарасты мекемелерде жұмыс істеген. Ішкі істер әскерінің подполковнигі шенінде зейнетке шыққан. Қазір көзі тірі оның есімі Ашғабаттағы Түркіменстан ішкі істер министрлігі әскери бөлімі мен туып-өскен Ызгант ауылындағы мәдениет үйіне берілген, осы екі жерде оның мүсіні де орнатылған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565