Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
Деп жатыр 5811 18 пікір 27 Қазан, 2017 сағат 13:01

Ксюша сайлаудың көркін қыздырады

 

Әкесі де (марқұм), шешесі де бүкіл Ресейге белгілі саясаткерлер. Ксения Собчактың өзі қалың орыс қауымына кең танымал: біразы, әсіресе жастар жағы қатты ұнатса, екінші бөлігі тым жек көреді. Егерде егде жастағылар Ксенияны тым ерке, көргенсіздеу деп білсе, басқалары – бұндай жүріс- тұрысты анайылық емес, экзистенциалдық еркіндіктің классикалық түрі деп біледі. Ксенияның әкесі – Анатолий Собчак Ресейдің демократтық бағыттағы танымал қайраткері, Ресей Президенті Борис Ельцинмен үзеңгілес, рухы мен әрекеті бір саялас , тіпті қартаң досына адалдығын сан рет дәлелдеген адам болды. Әсіресе, 1991 жылдың тамыз айында ГКЧП төңкерісін тойтарудағы Анатолий Собчактың ерлігі әлі есімізде. Кейін Анатолий Собчак мықты заңгер ретінде Ресейдің озық үлгідегі Конституциясын дайындауға қатысқаны тағы бар. Сол еңбегін ескеріп, Ельцин оны Санкт - Петербург қаласына мэр етіп тағайындады. Бірақ мэр болысымен Собчакқа жаман сөз ере бастады. Сол күдіктер бойынша Анатолий Собчак – коррупционер деген пікір қалыптасты. 1992 жылы Ресей саясаткері Марина Салье Собчакқа қарсы бірнеше рет қылмыстық іс бастамақ болса да еш нәтиже шықпады. Санкт -Петербург қаласында мэр болып жүргенде Анатолий Собчактың ең үлкен табысы кадр саласына қатысты болды. Ол болашақ екі Ресей қайраткерінің карьералық жолын ашты: олар - Владимир Путин мен Анатолий Медведев болатын. Собчак мэрия қызметіне алған үшәріптің сұрқай подполковнигінен Владимир Путин сияқты күшті Ресей президенті шықты, ал Дмитрий Медведев те әкімшілік таланты бар тұлғаға айналды. Дмитрий Медведев, өзінің жан досы Путиннен бір мүшел жастау , ол да заңгер, ол да Санкт Петербург универститетінде жұмыс істеген. Бүгінгі Ресейді санктперебургтік жерлестер тобы билейді. Путин мен Медведевтен басқа қазіргі Ресей билігінде Санкт - Петербург мэриясында қызметтес болған өзгеде сабаздар бар: “Собчак привел в правительство Санкт-Петербурга бывшего своего студента Дмитрия Козака. Аспирант Собчака Дмитрий Медведев активно помогал своему научному руководителю проводить предвыборную кампанию в народные депутаты в 1989 году. Позже Анатолий Александрович взял его на работу в мэрию на должность помощника заместителя мэра по внешним связям. А этим заведующим был не кто иной, как Владимир Путин. С ним Собчак начал сотрудничать еще в 1991 году в Ленсовете. Также Анатолий Александрович привел в правительство Санкт-Петербурга молодого реформатора Анатолия Чубайса, он работал экономическим советником мэра. Еще один аспирант Собчака, Герман Греф тоже получил должность в мэрии, он занимался управлением имуществом. Также в команде Анатолия Александровича работали такие известные ныне персонажи, как Владимир Чуров, Алексей Миллер, Владимир Мутко, Алексей Кудрин, Виктор Зубков, Сергей Нарышкин”. ( Lena Leto FB.ru: http://fb.ru/…/…/anatoliy-sobchak-biografiya-i-lichnaya-jizn). Сонымен мэриядағы Собчактың командасы алдымен рұқсат етілген бизнеспен айналысып, кейін заңды аттап өте бастағанға ұқсайды. Ол заман Ресейде демократия мен бизнес қатар дүркіреп тұрған заман еді. Собчактың командасының іс - әрекеті криминалдық сипат ала бастап, шу шығады. Аяғы Собчактың командасы мэриялық сайлаудан ұтылып , Санк- Петербургтан таяды. Болар іс болған соң , біраз қаржылай қоң жинаған жігіттер Анатолий Собчак арқылы Ресей Президенті Ельциннің жанына топтасады. Жаулары достарынан көп Ельциннің араққа тәуір әдеті болған. Оның отбасы: әйелі, қызы мен күйеу баласы кадр саясатына мол араласатын, сондықтан ленинградтық жігіттер Президент Ельциннің оң қолы мен сол қолына тез айналды.

Ксения Собчактың шешесі – Людмила Нарусова, Тыва елінен, Ресей сенаторы. Ксенияның шешесі бірінші күйеумен ажырасып, Анатолий Собчакка тиген. Сол тұста Анатолий Собчактың да басы бос, ол да ажырасқан жігіт еді. Сол некеден Ксения туды, Ксения шешесі жағынан еврей текті.

Сонымен лениградтық жігіттердің ең өтімдісі Владимир Путин болып шығады. Путинннің іс әрекеті, адамгершілігі, қажыған Ельцинге қатты ұнайды, сондықтан Путин алдымен премьер -министр, кейіннен Ельциннің “президенттік мұрагері” болады.

Путин Ксенияны балдырған кезінен біледі. Cол тұста ол – Ксенияның әкесінің көңілінен шыққан сенімді адамы. Сондықтан Ксения  Володя ағасына  әлі де еркелейтін сияқты.

Путиннің бағына қарай, Ресейде Ельцин-Гайдар экономикалық реформасы сәтті жүргізіліп, мұнай мен газ бағасы 2000-шы жылдарда күрт көтеріліп,  орыс халқының еңсесі көтерілді. Мәселен, мұнай бағасы 30$ - дан 100$ -ға дейін көтерілді. 1991 жылы КСРО ыдарағаннан кейін орыстың тұрмысы көтерілген кезі осы кез. Бірақ 2008 жылы мұнай бағасы тағы да құлады, экономика қайтадан құлдырады. 2008 жылдан кейінгі дағдарыстан кейін Ресейдің экономикалық жағдайы мәз емес - стагнацияда. 2014 жылы Ресей Украинаның Қырымын тартып алып, Батыс елдері қауымдастығының санкцияларына ұрынды.Сонымен АҚШ пен Еуропалық Одақ Ресейге технологиялық, финанстық , экономикалық, персоналдық шектеу қойды. Ресей 1990-2017 жылдары ішкі жиынтық өнім көлемінен әлемдегі 6 орыннан 13 орынға түсті. Соған қарамастан,  ВВП Ресей тарихында “Қырымды қайтарған Путин” ретінде орыс тарихына әйгілі қайраткерге айналды. Алайда, ұзақ уақытқа созылған дағдарыс орыс халқының мазасын кетірді, елдің берекесі қашіп, осы күні  Путиннің абыройы құлады. Ресейліктер көптен көп шеруге шығатын елге айналды.

2000-2017 жылдары Ресейді билеген Путин тағы да президенттіктен дәмелі. Ол   Алексей Навальный атты оппозияшыл қайраткерді президенттік сайлауға тіркемей отыр. Есесіне Ксюшаны – Ксения Собчакты альтернативалық сайлауда сынамақ. Әрине, Ксюша Путинге бақталас бола алмайды, бірақ сайлаушыларды сәл қызықтырады және сайлау көрігін қыздырады.

РФ-дағы сайлау төмендегі сценарийлердің шегінде түзілуі мүмкін:

1.Путин 2018 жылы тағы да Президент болады

2.Ксюша 2018 жылы Президент бола алмайды

А) Бірақ Ксюша бірқатар ескі кандидаттардан озып, көбірек дауыс жинайды. Оның жинаған дауысы «Яблокодан» (Григорий Явлинский), ЛДПР-дан  (Владимир Жириновский), Коммунистерден (Геннадий Зюганов) асып түседі. Ксюшаның саяси абыройы өседі

Ә) Ксюша жоғарыда аталған бірқатар ескі кандидаттардан тым аз дауыс жинауы да мүмкін. Саяси абыройы құлдырайды

Б) Бірақ Ксюша спойлер рөлін орындайды: бірқатар ескі кандидаттармен бірдей дауыс жинайды.  Ксюша саяси дебаттарда барлық кандидаттарды, олардың бағдарламаларын қатты сынап, саясаткер ретінде де танымал болады және Григорий Явлинскийдің, Владимир Жириновскийдің, Геннадий Зюгановтің жеке бастарына тиісіп, бәрің де коррупционерсіңдер деп айыптайды. Ксюшаның саяси абыройы өседі. Жеке саяси ағым құрып, партияға жетекшілік етеді.

3.Алексей Навальный президенттік науқанға кандидат ретінде қатыса алмайды, бірақ Ксюшаға көмектеседі.

А) Алексей Навальный президенттік науқанға кандидат ретінде қатыса алмайды, бірақ Ксюшаға көмектеспейді, байкотқа шақырады.

Әзімбай Ғали 

Abai.kz

 

 

 

18 пікір