Жұма, 29 Наурыз 2024
Бетбұрыс 8552 37 пікір 26 Қазан, 2017 сағат 14:55

Президент: Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің жобасын бекіту туралы жарлық шығару қажет

 

Мемлекет басшысы бүгін Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков пен Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжинді қабылдады деп хабарлайды аqorda.kz сайты.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы жобасы қызу талқыланып, қоғам тарапынан қолдау тапқанын атап өткен көрінеді.

– Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ұсынылған жобасын бекіту туралы жарлық шығару қажет. Комиссия жұмысын аяқтады. Соңғы нұсқа жарияланды. Ғалымдар, тілтанушылар, саясаткерлер, жастар және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ортақ мәмілеге келді. Жалпы, қоғам қолдап отыр, – деді Қазақстан Президенті.

Осылай дей келіп Мемлекет басшысы қазақ әліпбиін латын қарпіне кезең-кезеңмен және жүйелі түрде көшірудің маңыздылығына назар аударды.

Сонымен қатар, Елбасыға мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының атқарған қызметі туралы баяндалды.

Естеріңізге сала кетейік, кейінгі жоба төмендегідей жасалған болатын. Ал, бірінші ұсынылған жоба қазақтың (дауысты, дауыссыз) төл дыбыстарын  диграфтар арқылы таңбалауға негізделді. Алайда бұл жоба халық арасында қолдау таппады.

Abai.kz

 

37 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576