Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Білгенге маржан 9177 16 пікір 26 Қазан, 2017 сағат 12:43

Кейбір туыстық атауларға түзету

1.Әкенің әкесі - ата. Баба - атаның әкесі.

2. Бөле - бір әке, бір шешеден туған апалы-сіңлілердің ұл-қыздары. Қарын бөле - осы бөлелердің ұл-қыздары! Қазақ бөлелерді әдетте қоспайды. Қаны жақын болғандықтан балалары міндетті түрде мүгедек болып туады. Қарын бөлелерді қоса береді, себебіі әлгіндей қауіп жоқ. Қазақтың қыздары отырықшы елдер сияқты емес, алысқа кететін болғандықтан бөлелер бір бірімен тығыз араласа алмаған. Қарын бөлелер жайлы мүлдем сөз жоқ. "Қойныңдағы қатының сұрай-сұрай келе қарын бөле болып шығады" деген сөз содан қалған.

3. Немене, одан кейін Жүрежат, сосын барып Туажат! Сөздің қисынына қарасаңыздаршы. Туажаттан - Жұрағат! Өз ұрпағың ешқашан Жегжат болмайды. Жегжат "жігі жат" дегеннен шыққан. Қазақ "құда-жегжат" деп қосып айтады, "ағайын-жегжат" деген ұғым жоқ. Құдаларға баратын болса "жегжаттарға барып қайтайық" дейді. Жұртты жаңылыстырмаңыздаршы. Өтініш!

Өмірзақ Ақжігіт

16 пікір