Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 5846 13 пікір 26 Қазан, 2017 сағат 10:48

Қырғыздың саясаткерлері еш ұнаған емес

Қырғыз ағайынды қатты жақсы көремін. «Ой, бұлбұлды» нәшіне келтірген Нұрақ Әбдірахмановты айтсайшы, он алты жасында ғана аяғына тұрғанмен, Қарабалтаны қалай керемет сомдаған Сүйменқұл Чокморовты айтсайшы.. Ұнайды адамы. Қиырындағы Ош, Жалалабад, Өзгеннен мынау Талас, анау Ыстықкөлге дейін болғанмын. Ұнайды жері. Бірақ, саясаткерлері еш ұнаған емес. Атамбаев жайлы жақ ашпағаным да содан – сөзім рәсуә.

Кеше ме, әлде кеш көрдім бе, қырғыздың http://www.gezitter.org ресурсы қып-қызыл өтірік материал басып, оны Орталық Азия халықтарының төрт бірдей тіліне аударып тастапты. Сондағы құрт түскен өзегі - ЭКСПО көрмесін салған біздің жұмысшылардың айлығын төлемегендіктен, олар алаңға шығыпты-мыс. Қай қала, қай алаң? Бұл жөнсіз материал белгілі себептермен ашылмайтын «қазақстандық сайттарға» жөн сілтейді. Түсінікті шығар, шеру жайлысы шикі өтірік - ешкім көшеге шыққан жоқ. Енді осындай ерсі жаңалықты басуға қырғыз либералдарын не қамшылауы мүмкін дерсіз? Мүмкін, ЭКСПО-да тек қазақстандық құрылысшылардың еңбек еткені жүйкелеріне тиген шығар. Себебі, қанша уақыттан соң қазақтар көрші елдің жұмыс күшінсіз-ақ өз шаруасын сайлап алды. Былайша айтқанда, «қарапайым қырғыздарға бізден нәпақы айыруға мүмкіндік бермеппіз».

Сосын Қырғызстанның бізден 100 миллион доллар алудан бас тартқанын жарыса жазып жатырмыз. Білесіз бе, бұл ақшаға көршіміз ветеринарлық зертханалар салып алса да, мұртын балта шаппас еді. Әйтпесе, Қырғызстаннан бізге бруцеллез жұққан ет пен сүт өтетіні, бұған сертификатты азын-аулық ақшаға ветқызметтен сатып алатыны да өтірік емес. Қысқасы, ветеринарлық анализға ақша жұмсауды қажетсінбегенге Қазақстан қайтуі керек еді? Әрине, біздің азаматтарды түгелдей уламай тұрып, азық-түліктен бас тарту керек еді. Ал бұл Қырғызстан үшін тағы шығын. Саясаткерлерінің кесірінен қаймана халқы опық жеп жатыр дейсіз бе, соған оқшпайды. Бірақ, бұны ер боп мойындаудың орнына, қырғыз либералдары «Қазақстанда бәрі жаман» деген жалған ақпарат желімдеп отыр.

Өркен Кенжебек

Facebook-тегі парақшасынан

13 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3515