Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
4096 0 пікір 26 Қазан, 2017 сағат 10:31

Қырғызстанда парламент спикері болып Дастан Жұмабеков сайланды

"Қырғызстан" фракциясының мүшесі Дастан Жұмабеков Жогорку Кеңештің спикері болып сайланды. Ол үшін 120 депутаттың 80-і дауыс берген. 32 депутат «Онугуу-Прогресс» фракциясынан кандидат болған Исхак Масалиевті қолдаған. 5 депутат бәріне қарсы болған.

Спикерді жасырын дауыс беру арқылы таңдады.

Дастан Жұмабековтің кандидатурасын Социал демократиялық партия, «Қырғызстан» және «Бір Бол» фракциясынан құралған көпшілік коалициясы ұсынған. Исхак Масалиевті «Онугуу-Прогресс» фракциясы ұсынған.

40 жастағы Дастан Жұмабеков бірінші рет Жогорку Кеңешке депутат болып 2010 жылы сайланған. Ол «Ата-Жұрт» партиясы тізімімен өткен. 2015 жылы ол парламентке «Қырғызстан» партиясы атынан келді.

Осыған дейінші спикер Чыныбай Турсунбеков 25 қазанда төрағалықтан кететінін мәлімдеді. Бірақ ол парламентте депутат ретінде қала беретінін айтқан.

Abai.kz

0 пікір