Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
46 - сөз 4820 2 пікір 26 Қазан, 2017 сағат 10:28

"Антиреклама - тоже реклама" немесе қазақ қызын қорлауды доғарыңдар!

Түрлі топтар мен жекелеген кей адамдардың парақшаларынан соңғы уақытта шылым шегіп тұрған не қысқа киім киген қазақ қызын салып, мына сарындағы сөздерді: "Оңбаған қыз, ата-анасы не қарап отыр" деп жазып қоятындарды жиі байқаймын. Оның астына жүз адам лайк басып, бес жүз адам пікір білдіріп, қызыл кеңірдек болып жатқаны.

Сондағы мақсаты не? Ана қызды тәрбиелеу ме? Күлкілі. Соншалықты жаны ашып бара жатса, жаңағы қыздың жекесіне шығып, "Қарындасым, қарлығашым, мұның дұрыс емес, бұлай етпе" деп ақылын айтса да болады ғой. Жоқ, бас салып топқа салу керек, не пост жазу керек. Ал содан етегі ұзарып, шылымы жерге түскен қыз бар ма?! Әрине, менде қазақ қызының арын ойлаймын. Жаңағыдай көріністі көргенде менің де жүрегім ауырады. Бірақ тәрбиелеу дегеніміз қателігін жұрттың көзінше бетіне басу деген сөз емес.

Тәрбиелеу - табалау емес! Жаны ашыған адам жалпақ жұртқа жар салмай-ақ, ешкімге білдірместен қателігін адамның өзіне жеке айтып, ақыл-кеңесін берер. Ал адамды оның рұқсатынсыз жерден алып, жерге салу біріншіден мәдениетсіздік, екіншіден заңға қайшы. Қысқасы осы мәселеде "антиреклама - тоже реклама" болып кетпесін. Бұл әрекеттің өзі қазақ қызының арын қорғау емес, қорлау!

Асхат Қасенғали

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір