Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3973 0 пікір 25 Қыркүйек, 2017 сағат 14:02

Конкурс: Үш тілге жетік мемлекеттік қызметкерлерді қолдау

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша  «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК  жас мемлекеттік қызметшілер арасында  «Тіл шебері-2017» республикалық конкурсын өткізеді деп хабарлайды Абай-ақпарат. Конкурс  2017 жылғы 27 қыркүйекте Астана қаласы, Керей, Жәнібек Хандар көшесінде орналасқан Тілеп Қобыз Сарайында өтеді. Басталуы 14.00 сағ.

Конкурстың мақсаты: Жаһандық өркениет пен еліміздің даму бағытына сай  үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген, жан-жақты білімді, өзінің саласында кәсіби құзырлы  мемлекеттік қызметші жастарды  анықтап, қолдау көрсету;

Конкурс үш аталымнан тұрады:

1) «Тұсаукесер» – тапсырылған тақырыптың мазмұнын қазақ тілінде толық ашу;

2) «Ұлттаным» – қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері және оның аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс және ағылшын тілдерінде жауап беру.

3) «Өнертаным» – үш түрлі жаңылтпашты жаңылмай үш рет айту.

Байқау жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады.

Қатысушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің өкілдері, Астана қаласының зиялы қауым өкілдері.

Байланыс телефондары:    8 (7172) 408397; 8 7089234164

Абай-ақпарат

0 пікір