Сәрсенбі, 28 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 110684. Жазылғандар — 105766. Қайтыс болғандар — 1825
2279 1 пікір 25 Қазан, 2017 сағат 09:04

OCCRP және "Новая газета" Путиннің айналасындағылардың табыс көзін зерттеді

Ұйымдасқан қылмыс және жемқорлықты зерттеу жөніндегі орталық (OCCRP) Ресей президенті Владимир Путинның айналасындағылардың байлығына қатысты зерттеуін жариялады. Жоба "Новая газета" журналистерімен бірге жүзеге асты.

Зерттеуде кейбір адамдар аттарына ірі көлемде қаражат тіркелгенін білмейтіні айтылған. Зерттеуді жариялаушылар бұл қаражат Путинге тиесілі болуы мүмкін деген болжам жасаған.

Баяндамада ресейлік президенттің 2016 жылғы табысы шамамен тоғыз миллион рубль болғанын еске салды. Дегенмен құжат авторлары Ресей басшысы өз байлығын күрделі жүйе арқылы басқарады деп есептейді.

Олар Путинге тиесілі қаражаттың бір бөлігі Михаил Шелемовтың қолында болуы мүмкін деп топшылады. Ол Путиннің немере әпкесі Любовь Шелемовтың ұлы. Шелемов 49 жаста. Соңғы бірнеше жылда ол "Совкомфлот" мемлекеттік компаниясында істеген. Зерттеу авторлары Шеломовтың жылына 8400 доллардан артық табуы мүмкін емес дейді.

Дегенмен, OCCRP журналистері анықтағандай, соңғы бірнеше жылда Шеломов 573 миллион долларға ие болған.

Зерттеуде байлықтың дені ірі жемқорлықпен келгені айтылған. Ол Путиннің айналасындағыларға қатысы бар делінген. Ресми түрде бұл қаражат Шелемовтың "Акцепт" компаниясына тиесілі.

2016 жылдың аяғында фирма "Игора драйв" компаниясының 50 пайыз акциясына ие болды. Зерттеуге қарағанда, Шелемовпен бірге жобаға инвестицияны Путинге жақын Юрий Ковальчук пен Владимир Васильев салған.

Шеломов, Ковальчук және Васильев журналистер сауалына пікір білдірмеді.

Abai.kz

1 пікір