Жұма, 29 Наурыз 2024
3811 0 пікір 25 Қазан, 2017 сағат 08:57

Тәжікстанда электр қуатына лимит қойылмайды

Тәжікстанда күз-қыз маусымында электр қуатына лимит қойылмайды, деп хабарлады «Барки точик» энергия холдингі. Елде шағын ГЭС-тер мен жылу электр орталықтары жұмыс істеп тұр.

Дегенмен «Барки точик» халықты электр қуатын үнемдеуге, оның ақысын кешіктірмей төлеуге шақырды.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 14 қазанда кәсіпкерлердің кездесуінде өткен жылы осы уақытта халық тәулігіне 10 сағат қана жарықпен отырғанын еске салды.

Бұған қоса мемлекет басшысы келесі жылдың соңына қарай Рогун ГЭС-інің алғашқы агрегаты, одан соң екіншісі іске қосылатынын хабарлады. Содан кейін электр қуатына шектеу қойылмайды.

Өткен жылы Тәжікстан аймақтарында электр қуатын пайдалану лимиті 1 қарашадан басталған. Сол кезде ел астанасы мен ірі қалаларда ғана жарық сөндірілген жоқ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563