Жұма, 29 Наурыз 2024
3409 0 пікір 24 Қазан, 2017 сағат 08:36

"Эхо Москвы" радиосының ауыр жараланған журналисі жансақтау бөлімінде жатыр

"Эхо Москвы" радиостанциясының журналисі Татьяна Фельгенгауэр жансақтау бөлімінде жасанды комада жатыр. Бұл туралы радионың бас редакторы Алексей Венедиктов хабарлады.

23 қазанда "Эхо Москвы" редакциясына белгісіз біреу баса-көктеп кіріп, пышақпен Фельенгауэрдің мойнынан жаралаған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалады, дегенмен оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жасанды комада ол ертеңге дейін жатады. Осы уақытқа дейін дәрігерлер қандай ем қолданатынын шешеді.

Тергеу комитеті бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Шабуылдаушының есімі Борис Гриц, ол 48 жаста.

Ресей журналистер одағы Фельгенгауэрге жасалған қастандықты "сөз бостандығына шабуыл" деп атады. Еуропа Кеңесінің бас хатшысы Турбьорн Ягланд бұл оқиғаны жан-жақты тергеуге шақырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621