Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
4170 1 пікір 24 Қазан, 2017 сағат 08:31

Түркия "ИМ" үшін соғысқан ресейлік жауынгерді Тәжікстанға берді

Түркияда ұсталан Ресей азаматы Денис Хисамов Тәжікстанға жолданды. 34 жастағы Хисамовты сәуір айында "Ислам мемлекеті" эктремистік ұйымы сапында әскери қимылдарға қатысты деген күдікпен ұстаған.

Түрік билігі Хисамовты Тәжікстанға экстрадициялады, өйткені оның жалған тәжік төлқұжаты болған, сол арқылы ол 2015 жылы Сирияға кеткен. Тәжікстан ішкі істер министрлігі оны жақында Ресейге жолдауды жоспарлап отыр.

Тәжік арнайы қызметінің нұсқасына қарағанда, Хисамов Сириядан Түркияға келген, сол арқылы ол Ресейге өтіп, сол жерде қылмыс жасауды көздеген. Нақты қандай қылмыс екенін арнайы қызмет ашып айтпады.

Мәліметтерге қарағанда, Хисамов Краснодарда туған, жоғарғы білімі бар, техника ғылымдарының кандидаты. 2004-2009 жылдары Ресейдің Қорғаныс министрлігінде жұмыс істеген. Әскери мансабы басталған шақта ол Ресей Қорғаныс министрігінің мемлекеттік құпияны сақтау қызметінің басшысы болған. Тергеу кезінде Хисамов ресейлік әскерден 2009 жылы шығып кеткенін айтты.

Ресейлік билік Хисамовтың ұсталуына қатысты пікір білдірген жоқ.

Abai.kz

1 пікір