Жұма, 29 Наурыз 2024
Жанайқай 24199 20 пікір 20 Қазан, 2017 сағат 10:57

Белсенділер Қытайда еш себепсіз сотталған қазақтардың тізімін жариялады

Қытайдағы қандастарды қудалау Қытайдың Тибет аймағын басқарған Чын Шуан Го-ның  2016 жылы тамызда ШыңЖаң (СУАР) деп аталатын, құрамында Алтай, Тарбағатай, Іле аймақтары кіретін, негізінен қазақтар көп шоғырланған, өңірге басшы болып келуінен басталды. Бұған дейін Қытайдағы  қандастарымыз екі елдің өзара достық қарым-қатынасы негізінде Қазақстанға еш кедергісіз, заңды түрде емін-еркін келіп-кетіп тұрған еді, олардың біразы қоныс аударып та үлгерді.

Осы жылдың басынан бастап Қытайдың ШҰАР, негізінен қазақтар тұратын аймағында, тұрғындардың ең алдымен шетелге шығатын төлқұжаттарын жаппай жинап, олардың Қазақстанға шығуына тиым салған. Бұрын Қазақстанға туысқаншылап немесе саяхаттап  барған кез-келген қазақты тергеуге алып, оларды "саяси үйрену" дейтін үйрету орталықтарына апталап, айлап жіберіп отырған. Ал сол «тәрбиелеу орталықтарында» өз мүддесін қорғап, қарсылық көрсеткендерді түрлі жаламен бірнеше жылға еш себебсіз, олардың туыстарына да ескертпестен, жабық түрде соттап жатыр.

Қазақстанда оқып жатқан жастарды қайта шақырып, оларды Қазақстанда оқуына тиым салды, егер олар бармаған жағдайда Қытайдағы ата-анасы мен туыстарына қысым жасаған. Сотталғандардың ішінде көзі ашық зиялы қауым да, өмір бойы мал баққан малшылар да бар, олардың алды 12-13 жылға, арты 1 жылдан сотталған, кейбіруі əлі өкімі шықпай түрмеде жатыр.

Ал Ислам дінін əлемдегі 4 үлкен діннің бірі ретінде мойындап, осы күнге дейін мұсылмандар тұратын өңірлерде мешіт-медресе салып, университ ашып берген Қытай өкіметі, аяқ астынан өмір бойы имам болған, Қазақ молдаларын, мешітте уағыз айтып,  неке оқығаны үшін түмеге қамап жатыр, осыған дейін екі имамды "өзін өзі өлтірді" деген атпен қинап өлтірген.  Ал олардың мəйітін туыстарына ашқызбай, жудырмай арнаулы жасақпен көміп болғанша бақылап тұрған. Тіптен, қазақтардың салт-дастүрлері мен әдет-ғұрыптарына ашық шеткеу қойып, олардың бір-біріне амандасуына, бір-бірін ауыз ашар, наурыз қатарлы мерекеге шақыруға тиым салып отыр.

Қысқасы, осы сотталғандардың жалғыз ғана себебі - олар тарихи отаны болған Қазақстанға көшкісі келген əрі туыстарымен байланыста болғаны, Қазақстанға туысшылап және саяхаттап барғаны себеп болып отырған көрінеді.

Қытайда еш себепсіз сотталған Қазақтар тізімі:

Аты жөні Туылған жылы Мекен-жәйі Сотталу себебі Сотталған мерзімі
1 Акимат Имам ҚХР Мори ауданы Мешіт салдырған Өзін-өзі өлтірді деп түрмеде өлтірген
2 Өмірұзақ Мақан 1980 ж ҚХР Баркөл ауданы Екі інісін қамағанда артынан сұрап барған Жергілікті полиция қызметкерлері ұрып өлтірген
3 Зейнолла Рақыжан 1963 ҚХР Бұратала, Арасан ауданы Қазақстан тыңшысы 13 жылға сотталған

Жалғасты 1 жылға соттаған

4 Қасымбайұлы Жарқынбек 1961ж ҚХР, Бұратала қаласы Қазақстанға балаларын жіберген және көп келген 10 жылға сотталған
5 Қабыл Имам 1955 ҚХР Үрімжі ауданы Қазақстаннан қазақша дінни кітәптар алған 8 жылға сотталған
6 Манат ҚХР, Көктоғай Қазақстандағы туыстарымен сөйлескен 10 жылға сотталған
7 Бағдал Жеңісхан 1963 ҚХР Үрімжі ауданы Саяси тәрбиелеу орнында         -
8 Дәуітхан Тергесіз 1973 ҚХР, Бұратала Арасан ауданы Қазақстанға көшпекші болған 12 жылға сотталған
9 Берікхан Доланхан 1960 ҚХР Дөрбілжін ауданы Ислам діні бойынша неке оқыған 10 жылға сотталған
10 Салықұлы Сарқытжан 1978 ҚХР Мори ауданы Қазақстан және Түркияға барған 10 жылға сотталған
11 Кәкенұлы Құрманбек 1979 ҚХР Шауешек, Толы ауданы Көші-қон топтарында болған 10 жылға сотталған
12 Ерсін Бекзат 1982 ҚХР Шауешек Дөрбілжін ауданы Қазақстандағы туыстарымен сөйлескен 10 жылға сотталған
13 Анарбекұлы Кенжебек 1986 ҚХР Бұратала қаласы, Далда ауылы Қазақстанға көп барған, Қазақстан тыңшысы 10 жылға сотталған
14 Серік Еркеш 1987 ҚХР Қорғас ауданы Қазақстанға көшпекші болғаны үшін 5 жылға сотталған
15 Мұратханқызы Салтанат 1996 ҚХР Алтай Жеменей ауданы Қазақстанда оқығаны үшін 05.2017 ден бастап түрмеде отыр
16 Өмірәлі Бекен 1972 ҚХР Үрімжі қаласы Қазақстан азаматы

 

03.2017 жылдан бастап себепсіз түрмеде отыр
17 Қалқыман Мағаз 1984 ҚХР, Алтай, Көктоғай ауданы Інісі Түркияда оқып, Қазақстанға барғаны үшін 1 жылға сотталған
18 Әрынғазыұлы Санат 1981 ҚХР Арасан ауданы Көші-қон тобында болғаны үшін 2017 жылы маусым айынан бері түрмеде отыр
19 Кенжеболатқызы Алтынгүл 1997 ҚХР жеменей ауданы Медресседе оқығандығы үшін 2017 жылы сәуір айынан бері түрмеде отыр

 

20 Ермек Мүсілімұлы 1983 Мори ауданы Дұңшың қалашығы, Жишылаң қыстағында

 

себепсіз 2017 жылдың сәуір айынан бастап қамауда отыр
21 Досан Бейсенбекұлы 1987 Құлжа ауданы Медресседе оқығандығы үшін 2017 жылдың науырыз айынан бастап қамауда отыр
22 Сағыныш Мейрамбекұлы 1981 ҚХР Арасан ауданы Қазақстанға көшу ойы болған 2017 жылдың 6 айдан бастап түрмеде отыр
23 Оқан имам 1968 ҚХР  Қаба ауданы Мешітте уағыз айтқаны үшін және неке қиған 10 жылға соттаған
24 Серік Қалибек 1975 ҚХР  Жың ауданы Қазақстанға көшу ойы болған 2017 жылдың мамыр айынан бастап түрмеде отыр
25 Мейрамбек Бекен 1980 ҚХР Алтай қаласы Қазақстанға көшу ойы болған 2017 жылдың маусым айынан бастап  түрмеде отыр
26 Гүлзира Ауелхан 1977 ҚХР Құлжа ауданы Қазақстанға көшу ойы болған 2017 жылдың маусым айынан бастап  түрмеде отыр
27 Нұржан Ахметжан Имам 1980 ҚХР Нылқы ауданы Мешітте заңды түрде имам болып қызмет істеген 4 жылға сотталған
28 Қуаныш Имам 1975 ҚХР Мұңғолкүре ауданы Мешітте заңды түрде имам болып қызмет істеген 8 жылға сотталған
29 Кенжебай Алихан имам 1972 ҚХР  Күнес ауданы Мешітте уағыз айтқаны үшін және неке оқыған 5 жылға сотталған
30 Нұрлыбай Қоңырбай имам 1974 ҚХР  Жеменей ауданы Мешітте уағыз айтқаны үшін және намаз үйреткен 10 жылға сотталған
31 Талғар (оқушы) 1991 ҚХР  Күнес ауданы Қазақстанда оқығаны үшін 2017 жылдың маусым айынан бастап түрмеде отыр

 

 

Түйін

Қытайдағы қандастарымыздың жағдайына алаңдап,  оларды осы зұлымдықтан арашалау - жер бетіндегі Қазақтың иесі болып саналатын Қазақ билігінің міндеті. Қамсыз болмайық, ағайын!

Қыдырәлі Оразұлы

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553