Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2772 0 пікір 4 Желтоқсан, 2010 сағат 04:19

Еліміздің басым бөлігінде сенбі күні ауа температурасы одан ары төмендеп, бұрқасындатып, көктайғақтанады – Қазгидромет

Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанның басым аумағына суық антициклон ықпал етеді. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысына атмосфералық тұтас ағым ықпал етеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Хабарда айтылғандай, Қызылорда облысында күндіз – 5-10, Маңғысату облысында -1-6 градус, Алматы облысында күндіз -14-19 градус, Атырау облысында күндіз +2-3°С, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады. Алматы облысында күндіз -5-10°С, кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Жамбыл облысында күндіз -5-10, кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз – 4, түнде кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақтанады. Түнде Қостанай облысында – бұрқасындатады, күндіз – 10-12, 15-20 м/с жел тұрады.

Метеоқызметтің мәліметтерінше, Астанада сенбі күні ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан -14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -27-29°С, күндіз – 15-17°С болады.

Алматыда ала бұлтты, түнде кейде қар жауады, тұман түседі, күндіз жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с самал соғады. Ауа температурасы түнде -8-10°С, күндіз -6-8°С.

Астанада 4-ші желтоқсандағы абсолютті температуралық минимум - 1968-ші жылы минус 33,5 градус болса, Алматыда - 1944-ші жылы минус 20,3 градус аяз болыпты.

Жақын күндері Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі өзен-көлдерде мұз қату үдерісі одан ары жалғасады, жекелеген өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарындағы өзен-көлдерде ақырындап су беті салқындай береді, жекелеген өзендерде  - мұз қату да басталады. Сырдариямен Шардара су қоймасына құйылатын су көлемі, Қайраққұмнан жіберілетін су көлемінің артуы себепті ұдғая түседі.

0 пікір