Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2956 0 пікір 3 Желтоқсан, 2010 сағат 09:50

Нұрлан Геройхан. Кәрім келіншегімен билегенді ұнатады

Соңғы күндері әлемнің назарын аударған ақпараттың бірі - WikiLeaks интернет-порталының жариялаған құпия материалдары болды. Оның ішінде қазақ билігінің лауазымды ұлықтары жайында да ел естімеген ақпарлар бар екенін бірқатар интернет басылымдар жазды да. Бірақ биліктегі мырзалар мұндай дүниелерді жауапсыз қалдырған. Әдетте қалдырып қоятын. Бұл жолы қазақ билігінің «дәстүрін» үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің өзі бұзды.

WikiLeaks интернет-порталы жалпақ жұртқа мәлім қылған материалдардың ішінде Кәрім Мәсімовтің түнгі клубтағы көңілді сәттері де айтылған болатын. «Азаттық» радиосы WikiLeaks интернет-порталына сілтеме жасай отырып: «Мәселен, АҚШ-қа сапары болмай қалған соң екі күннен кейін, наурыздың 7-де премьер-министр Кәрім Мәсімовтың Астанадағы белгілі Chocolat деген түнгі клубта болғаны жазылған. Онда түнгі сағат 11.30-да Мәсімов, президент әкімшілігінің басшысы болған Қайрат Келімбетов және сол кездегі Астананың әкімі Асқар Мамин орта жастағы үш әйелмен бірге түнгі клубқа барған. Онда Мәсімовтің би алаңына шығып, шаршамай ұзақ билеген», деп жазады.

Міне, осы әрекеті жөнінде Кәрім Мәсімов ЕҚЫҰ-ның саммитінің жұмысынан қолы қалт ете қалғанда, қасынан табылған шетелдік журналист сұрап қалған соң: «Біріншіден, мен интернетте әйеліммен бірге жүрмін. Әйеліммен бірге билеуді ұнатамын. Және бұл ақпаратты тарату үшін үлкен ақша төлеуіме тура келер еді. Бұл жолы тегін болды. Мен бұған қуаныштымын», - депті біздің құрметті үкімет басшымыз.

Ал, Кәрім Мәсімовтің қасында жүрген жігіттер әзірге үнсіз. Мүмкін бастықтары айтқан соң амалсыз барған шығар...

Әр жағын өзіңіз біліңіз, оқырман.

«Абай-ақпарат»

0 пікір