Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2541 0 пікір 3 Желтоқсан, 2010 сағат 06:24

Оңтүстік Қазақстанның қаржы полициясы жыл басынан бері экономикалық контрабанданың 31 фактісін анықтады

Шымкент. 3 желтоқсан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті (ЭҚСЖКД) жыл басынан бері экономикалық контрабанданың 31 фактісін анықтаған. Бұл туралы облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз хатшысы Жұпар Мамытова мәлім етті. «Осы қылмыстардың нәтижесінде заңсыз тасымалданған тауардың жалпы құны шамамен 52,8 млн. теңгені құрады»,- деді ол.

Ж. Мамытова құқық бұзушылықтардың бұл түрінің айқын мысалы ретінде Сарыағаш ауданында анықталған фактіні келтірді.

«Департамент үстіміздегі жылдың мамыр айында кедендік рәсімдеусіз ҚР кедендік шекарасы арқылы көрші Өзбекстанға жалпы сомасы 1,5 млн теңге болатын 1 мың 800 кг түсті металл сынықтарын алып өткен», - деді Ж. Мамытова.

Ол сондай-ақ, Сарыағаш аудандық сотының шешімімен контрабандашы 1 жылға бас бостандығынан айырылғанын айтты.

0 пікір