Сенбі, 20 Сәуір 2024
Көршінің көлеңкесі 5207 17 пікір 10 Қазан, 2017 сағат 11:49

Бажырайған балдай тіл, балдай тілді сөйлей біл - қырғыз нақылы

Екі-үш  күннен   бері  барлық   әлеуметтік  желі  мен сайттар, дәстүрлі БАҚ Қырғыз  президенті  Алмазбек  Атамбаевтың  Бішкек  маңындағы   Ала-Арча  мемлекеттік  сарайында  ел  азаматтарына  мемлекеттік  мәртебелер  тапсыру  рәсімінде  сөйлеген сөзін талқылауда. Осы қазан айының 15-і күні  Қырғызстан  Республикасының  президент  сайлауы  өтпекші, соған  байланысты  сайлауға   түсіп  жатқан  кандидаттарды  сынай келе ол қазіргі  қазақ  билігі  туралы да бұрқылдап сөйлеп тастады.

Қырғызстанның  ішкі  саясатына  араласуға әрекет етпек болған қазақ билігіне  өкпесі  қара  қазандай  екенін байқатқан Атамбаев: «Если  наши соседи  не очухаются, не  опомнятся, я буду говорить  по-другому. Каждый  народ  должен  выбирать  своего  правителя, и он  заслуживает  того, кого  выберет» -, деді.

Бұдан әрі ол сөзін былайша жалғады: «ВВП  города  Алматы  в 5 раз больше, чем  ВВП всего  Киргизстана. А ВВП  Казахстана  больше ВВП  Киргизстана  в 20 раз. И  валовый   продукт  Казахстана  в  доходах в  10  раз  больше  Киргизстана. Почему  тогда  пенсии  Казахстана  больше  (киргизских)  всего  в 1,5  раза, а не  10  раз, а  тарифы выше  в 5 раз? Почему?  Потому что  разворовывают   богатства  в  Казахстане» деп салды.

Бүгінге   күнге   дейін  қазақтарды   қазақ  емес, осыдан  600 жыл  бұрын  хан  сайланған  Шыңғыс ұрпақтары  басқарып  отырғандай  әсер  қалдырады  деген А. Атамбаевтың  сөзін екінің  бірі  түсіне  бермейді. Оны түсіну  үшін  тарихтан  ептеп хабарыңыздың  болғаны  абзал. Біріншіден, бұл оның билікте  ұзақ  отыру мен  оны  монархиялық   жолмен  өз  ұрпағына  мұра  етіп  қалдыруға  тырысудың  халыққа  қиянат  екенін айтқаны.  Екіншіден,  қазақтардың   соңғы   ханының  басын  біз  алғанбыз, бірінші  президенті  біз  үшін  түк  емес дегені.

Үшіншіден,  қырғыздардың  екі  төңкеріспен  екі  президенттін  елден  жыраққа  ит қосып  қуғанын  меңзеп  «қазақпен  салыстырғанда  қырғыздар  әлдеқашан  халық  билігін  ұстанған, саяси  оянғанын, бір  адамның  ұзақ  жылдар  бойы  билеп - төстегеніне  жол  бермеген» дегені.

Ол және былай деді: «Атамбаев  подает  казахам «плохой» пример. Потому  что, народ хочет  справедливой   власти. Правильно  Назарбаев  на встрече с Бабановым  говорил  о  молодом  президенте. Но, самый  старший  кандидат  (в президенты  Киргизии ) на 20 лет  моложе  Назарбаева. А я—на 16 лет. И  кому  нужен  молодой  президент, нам или  Казахстану?  Я  все равно  проведу  честные  выборы. Я  горжусь  тем, что  показал  образец  справедливой, чистой  власти. В  этом  мне  помогали  кадры вроде  Темира  Жумакадырова  (Таяуда  белгісіз  жағдайда  көлік  апатына  ұшырап  қайтыс болған  Қырғызстан  Үкіметі  басшысының ел басшысын  сайлауында жауапты  орынбасары).

Смерть  забрала  одного из  нас,  но  нас больше  шести  миллионов. Дай  бог  после  выборов  унесу  всю  старую  элиту, они  никогда  не  вернутся. Потому что  люди   сейчас  другие...Наш  народ  умеет   различать  людей. Не  надо  нас  учить, мы  нашли  свой  путь».

Ғасырлар  бойы ауылы – аралас, қойы – қоралас  жатқан  Қырғыз  басшысының   кенеттен  ашуға  мінгенін, сөйтіп, орай да борай сөйлегенін бастапқыда түсінбей  қалдық. Осы арада бұған дейін  де  Атамбаевтың  қазақ  билігіне  қарата  айтқан сөздерін  есімізге  түсірейік.

«2010 жылы   Бакиевті  елден  қуған  кезде  Қазақстан  көмір  бермей қойып, қырғыз  халқы  қатты  қиналды», - деп еді. 2015 жылы  Қазақстан  мәдениет  министрі  Арыстанбек  Мұхамедиұлының  айтқан  сөзіне  жауап  ретінде, «Қазақстанның  Мәдениет  министрі  Мәскеудің   дәретханасын  жуып  жүрген  қырғыз  қыздарының  деңгейімен  бірдей  ме?» - деп  және кекетті.

Жуырда  Назарбаев  Қырғыз  Президенттігіне  үміткер  Бабановты  арнайы қабылдап, оң  қабақ  танытқаннан  кейін  Қырғызстанның  Сыртқы  істер  министрлігі  бұл  әрекетке  наразылығын  білдіріп,  дереу  қарсылық  нотасын  жолдады.

Кім  біледі, алпыс  екі  айласы  бар  сұрқия  сұм  саясатты  түсіну  оңай  емес, қазақ  пен қырғыз  арасына  іріткі  салып  отырған  солтүстіктегі  көлеңке тұсы көп көршіміз шығар? Әлде  шығыстағы   алты  басты  аждаһар  ма?  Бәлкім, әлемді  билеп - төсетгісі  келетін  мұхиттың   ар  жағындағы  Христафор  Колумб  ашқан  құрлықтағы құрдымдар ма екен?  «Естіген  құлақта  жазық  жоқ» демекеші,  біз  тек  өз  ойымызды  ортаға  салдық.

Жұмамұрат  Шәмші

Abai.kz

17 пікір