Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Тұлға 5325 28 пікір 6 Қазан, 2017 сағат 12:54

ЭКСПО компаниясындағы Есімовтің атқарған рөлі

Астана ЭКСПО-2017 компаниясындағы Есімовтің рөлі туралы жазбақпыз. Жақында «Время» басылымы Ахметжан Есімовтің саяси карьерасындағы өзге де жұмыстарға шолу жасап, экс-әкімнің басқа да лауазымды қызметтерде тығырықтан жол тапқан, анти-дағдарыс менеджерлігін атап өтіпті. Біз де Ахметжан Есімовтің елеулі істеріне аз-кем шолу жасап көрдік.

Ахметжан Смағұлұлы Президенттің тағайындауымен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясын басқарды. Ең қызығы ол көрменің өтуіне 21 ай уақыт қалғанда басшылыққа келді.  Сол кезде саяси скептиктер мен оппонеттер тарапы Ахметжан Есімовтің ісіне күмәнмен қараса, онымен істес болған азаматтар мүлде бөлек пікірде еді.

Ахметжан Смағұлұлы – ауылшаруашылық министрлігін басқарды. Ахметжан мырза министр болған жылдары атқарған жұмыстары туралы кәсіпкер, ҚР Еңбек ардагері Иван Сауэр оның білікті басшы екенін айтады.

Расында, Ахметжан мырза Ауылшаруашылық министрлігін басқарып тұрған жылдары Қазақстанның астық алқаптарындағы бидайды өңдеп, ұн даярлау ісі жүйеге келтіріліп, әлемдік рейтингте ұн экспортынан Қазақстан көш бастады.

Салыстырмалы түрде айтайық, 2015 жылы Қазақстан Ресейден ұн өнімдерін импорттайтын 10 елдің қатарына кірді.

Онан соң, Ахметжан мырза Алматы дейтін әйдік шаһарға әкім болып тағайындалды. Есімов ел есінде Алматыны ең ұзақ басқарған әкім ретінде қалды. Табандап тұрып 7 жыл қала басшысы болды.

Есімов әкім болып тұрған кезде, оның орынбасары болған Виктор Долженковтың айтуынша, кезекті қаржы дағдарысынан кейін Алматыда салымшылардың мәселесі өршіп тұрған-ды. Құрылыс компаниялары мен салымшылардың арасындағы дауды шешуде Ахметжан Есімов мырзаның еңбегі зор болды. Салымшыларға қатысты ол 120-дан астам шешім шығарыпты. Бұл жылдары Ахметжан мырза  16200 салымшының мәселесін шешті. Бұл отбасы мүшелерімен қоса есептегенде 64 мың адам еді. Ахаңның мәселені шешуші менеджерлігі туралы көп айтуға болады, көп мысал келтіруге болады, оның бір ғана Алматының «Барахолкасынан» замануи сауда үйін жасау туралы идеясы неге тұрады?!

Ахметжан мырза Алматыдағы Алатау ауданының құрылысына елеулі үлес қосты. Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылғы Шаңырақ, Бақай ықшам аудандарындағы заңсыз салынған үй қожайындарымен ішкі істер органы өкілдерінің арасындағы дауды шешуде де Есімовтың саяси біліктілігі үлкен рөл атқарды.

Алаяқтарға алданып қалған 20 мыңдай адам баспанасыз қалатын қауіп болған. Ахметжан Есімов мырза Үкіметке болған жайды баяндап, 3800 отбасының үйлерін заңдастырып берді.

Ол Еуропада елші болып жүргенде де, Алматыда әкім болып қызмет еткенде де, тіпті министр болған жылдары да өзінің дағдарыстан шыға білетін біліктілігін көрсеткен-тін. Енді Ол ЭКСПО базасында тың жобаларды жүзеге асырумен айналысатын болды.

Abai.kz

28 пікір