Жұма, 26 Сәуір 2024
3568 0 пікір 6 Қазан, 2017 сағат 09:17

Жоғарғы Рада Донбасқа қатысты заң жобасын қарауды кейінге қалдырды

Украинаның Жоғарғы Рада депутаттары наразылықтың күшеюіне байланысты Донбасты қалпына келтіру жөніндегі заң жобасын қабылдай алмады. Ел президенті Петр Порошенко тез арада қаралуы тиіс деп парламентке екі құжат ұсынған.

Құжаттың бірі Ресейді "агрессор-мемлекет" деп заңды түрде бекітуді көздесе, екіншісі Донецк және Луганск облыстарын "басып алынған аймақ" ретінде қарайды.

Жоғарғы Радаға екі құжатты ұсынған Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Александр Турчинов заң жобасы мойындалмаған Луганск және Донецк "халықтық республикаларын" "Ресейдің басып алынған әкімшілігі" ретінде қарауға мүмкіндік береді деді. Құжаттың қабылдануына қарсы парламент вице-спикері Оксана Сыроид заң жобасында оккупацияның нақты күні көрсетілмегендіктен Украина Ресейді халықаралық сотқа бере алмайды деді.

Парламентте заң жобасы талқыланып жатқан кезде, "Өзіңе көмек" фракциясының өкілдері президиум мен парламенттік мінберді жауып тастады. Олар мемлекет басшысының бастамасын "Украинаның капитуляцисы" деп атады. Құжаттың қабылдануына қарсылар бұл Украинаның мүддесіне сай келмейді деп есептейді.

Сол күні "Азаттық" және "Ұлттық корпус" оңшыл радикалды партиялардың өкілдері Жоғарғы Рада алдында наразылық акциясына шықты.

Донбасты қалпына келтіру жөніндегі заң жобасын әзірлеушілер құжаттың 18 қазанға дейін қабылдануына мүдделі.

Abai.kz

0 пікір