Жұма, 19 Сәуір 2024
3584 1 пікір 5 Қазан, 2017 сағат 09:17

Ресейдің бірқатар қаласында Навальныйды қолдауға арналған акцияға тыйым салды

Ресейдің бірқатар қаласының атқарушы билігі 7 қазанда Алексей Навальныйды қолдауға арналған акция өткізуге тыйым салды. Ал Мәскеу әкімдігі болса, қала орталығында митинг өткізуді сұраған бес өтінішті бірден кері қайтарған.

Өтініште акция өткізу үшін Мәскеудің бірнеше ауданын сұраған. Бірақ ол жерлердің бәрі бос болмайды деген себеппен қабыл алмаған деп хабарлайды ТАСС.

Санкт-Петербург билігі де 7 қазанда акция өткізуге тыйым салды.

Калуга, Кемерово, Воронеж және Томск қалаларының билігі тіптен пикет өткізуге рұқсат бермеген.

Қазіргі уақытта Навальныйдың жақтастары тек Екатеринбургте пикет өткізуге ресми түрде мүмкіндік алған.

Навальный мен оның сайлауалды штабының жетекшісі Леонид Волков тергеу абақтысында отыр. 2 қазанда сот шешімімен олар заңсыз митингке халықты шақырды деген айыппен 20 тәулікке қамауға алынған.

Abai.kz

1 пікір