Жұма, 29 Наурыз 2024
3155 0 пікір 5 Қазан, 2017 сағат 09:09

Ашхабадта қоғамдық көліктерде енді тек төлем карталарымен жүретін болады

Ашхабадта қоғамдық көлікке жолақыны төлеу үшін орнатылған құрылғылар жұмыс істемей тұр. Бұл жолаушыларға біраз қиындық туғызып жатыр деп хабарлайды Азаттықтың Түркіменстандағы тілшісі.

Түркіменстан астанасында қоғамдық көліктерде 1 қыркүйектен бастап жолақыны төлеудің жаңа ережесі шығады деген болатын. Бірақ пластикалық картаның көмегімен төлейтін құрылғылар тек 1 қазаннан бастап жұмыс істей бастаған.

Алайда 40 жастағы Ашхабад тұрғыны Сона қойылған аппараттардың дұрыс жұмыс істемейтінін алға тартады. Бұл жолаушыларға қиындық туғызып отыр дейді.

"Жүргізушіден автобустарда төлем аппараттары неге жұмыс істемейді деп сұрасаң, себебін өздері де білмейді. Бұл құрылғыларды әлі де жетілдіру керек”, - дейді 54 жастағы Бақтыгүл.

Қоғамдық көлікке арналған төлем карталары банктерде және пошта қызметінде 5 манаттан сатылады. Картаның студенттерге және зейнеткерлерге арналған жеңілдетілген түрлері де бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3554