Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2782 0 пікір 2 Желтоқсан, 2010 сағат 07:04

Жаннұр Ғизатова. Бізде билікті сынайтын БАҚ-тың саны басым

Санаулы күннен кейін елімізде өтетін Астана саммиті қарсаңында ұйымдастырылған ЕҚЫҰ Адами өлшемі жөніндегі шолу конференциясының бірінші күні елордамыз Астананың төрінде Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатыр, аталған конференцияға ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерден келген делегациялардың 800-ден астам мүшесі, халықаралық және отандық үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы халықаралық қорлар мен академиялық ортаның өкілдері қатысуда.

Конференция жұмысының бірінші сессиясында бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі, адам саудасымен және көлеңкелі экономиканың келімсек-мигранттары сынды топтарымен күрес жайы айтылды. Өз кезегінде шолу конференциясына белсенді түрде қатысып, осы тақырыптарда баяндама оқыған шетелдік сарапшылар алда келе жатқан Астана саммиті тиімді шешімдер қабылдайтын тарихи басқосу болады деген сенімде екендерін айтты.

Жұмыстың «Сөз бостандығы» сессиясында әлемдегі сөз бостандығы, ақпарат алуды қамтамасыз ету, БАҚ пен интернет-ресурстарға қатысты кез-келген шектеулерді болдырмау және журналистердің қауіпсіздігі туралы ЕҚЫҰ-ның БАҚ-ғы сөз бостандығы жөніндегі өкілі Дунья Миятович баяндама жасады.

Осы сессияда ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерден келген делегациялардың 800-ден астам мүшесі, халықаралық және отандық үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы халықаралық қорлар мен академиялық ортаның өкілдері сөз алып, өз пікірлерін орталаға салып, ұсыныстар айтып жатты.

Сессия барысында сөз алған Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы адам құқығы бойынша Комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев Қазақстанда сөз бостандығы Ата заңмен кепілдендірілген, сондықтан тәуелсіз басылымдар еш кедергісіз республика территориясында таралады деп атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан Республикасы Конституциясында сөз бостандығына, бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту бостандығына кепілдік беретін заңнама бар. Еліміздегі «Взгляд», «Республика», «Таң», «Алға», «Свобода Слова» сияқты оппозициялық басылымдар Қазақстан Республикасы аумағына еркін тарайды, және кез келген дүңгіршектен, тіпті, өзге газеттерге қарағанда оңай тауып алуға болатынын ескертті. Ол бұқаралық ақпарат құралдарының 80 пайызын тәуелсіз басылымдар құрайтынын, ал  35 газет Қазақстан этностарының 11 тілінде шығатынын ерекше атап өтті.

«БАҚ бостандығы» сессиясында сөз сөйлеген  «Жастар» тәуелсіз әлеуметтік саяси газетінің өкілі Раушан Базарбай Астанада өтіп жатқан алқалы жиыннан еліміздің демократиялық қоғамды одан сайын дамыта түсуге деген ниетін, еліміздегі пікір алуандығы мен сөз бостандығының қарқынды дамып отырғанын білуге болады деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстанда еркін баспасөз үшін құқықтық негіз жақсы қалыптасқан. Сөз бостандығы мен БАҚ еркіндігіне қатысты мәселе көтеріп жүрген басылымдар негізінен заң шеңберінде  құқық бұзатындықтан, сондай кемшіліктері үшін жапа шегіп жатқандықтан да көбінесе әртүрлі қитұрқы  әрекетке барады деп пікір білдірді.

Жиын барысында «Қазақстанда сөз бостандығы жоқ» деген әңгімге қатысты өзінің келіспеушілігін Бас редакторлар клубының өкілі білдірді. Оның пікірінше, Қазақстанда тіркелген 3 мыңға жуық ақпарат құралдарының 80 пайызы жеке иелікте және мемлекет оған ешқандай да ықпал ете алмайды. Онда жарияланатын материалдардың қандай болуы қажеттігіне ешкім де шек қоя алмайды. Бүгінде еліміздегі  билікке сын айтқысы келетін басылымдардың саны мемлекеттік басылымдардың санынан артық. Тек «Свобода Слова» басылымының өзінің таралымы аптасына 90 мың данадан, «Республика» басылымының саны 30 мың,  «Жас Алаш» газетінің таралымы 50 мың данамен тарап, еліміздегі кез-келген дүңгіршектен немесе дүкеннен сатып алуға болады. «Осындай жағдайда сөз бостандығын жоқ деуге бола ма?»,-  деп ескертті Бас редакторлар клубының өкілі.

Оның айтуынша, елімізде «К+» атты оппозициялық телеарна тағы бар. Оның телебағдарламаларында Үкіметке, Мемлекет басшысына және биліктің өзге де өкілдеріне қатысты сыни пікірлер айтылып жатады. Ал мемлекеттің иелегінде екі телеарна - «Хабар» мен «Қазақстан» және екі басылым бар - «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда». Жекелеген азаматтардың өздерінің баспаларын ашып,  қажетті материалдарын басуға ешкім кедергі немесе шектеу жасап отырған жоқ. Бұл тұрғыда Қазақстанда кейбір материалдарды баспалар қабылдамайды деген сөз негізсіз.

Өтіп жатқан іс-шараның үлкен мәнге ие екендігін жеткізген «Қазақстанның азаматтық альянсының» атқарушы директоры Алина Хаматдинова жиында жекелеген мемлекеттердің ғана емес, әлемнің өзекті мәселелері талқыланып жатқандығын тілге тиек етті. Ол «адамгершілік құндылықтар бағытында Қазақстанның тәжірибесі мол. Сондықтан Ұлтаралық татулық пен өзара келісімның қазақстандық жолы өзге елдерге үлгі-өнеге бола алады. Ал мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында байланыс орнату тәсілі жөнінде Еуропалықтардан үйренеріміз әлі көп. Елімізде Үкіметтік емес ұйымдар жеткілікті. Олар қазіргі уақытта қоғамдық мүддені қорғауда белсенді жұмыс істеп келеді», - деп мәлімдеді.

Шолу конференциясының «Сөз бостандығы» сессиясында шетелдік сарапшылар мен азаматтық қоғам белсенділері тарапынан сөз бостандығы мен жалпы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайға қатысты қарама-қарсы пікірлер айтылып, қызу талқыланды. Үкіметтік емес ұйымның белсенділері форум аясында шетелдік әріптестермен тығыз байланыс орнатып, азаматтық институттарды дамытуға қатысты ойларын ортаға салып тәжірибе алмасты. Бұл алқалы басқосу сан түрлі көзқарастарды тоғыстыра білді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір